«Телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында «Қазтелерадио» АҚ тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Осыған байланысты, ағымдағы жылғы 17 шілдеде (сағ. 03:00-ден 17:00-ге дейін) телерадио хабарларын таратуды өшіре отырып, кезекті профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», - делінген хабарламада.
10:05, 16 Шілде 2024
17 шілдеде Қазақстандағы телерадиоарналар хабар таратуын уақытша тоқтатады
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстанда 17 шілде күні телерадиоарналар хабар таратуын тоқтатады. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.