Kurs.kz деректеріне сәйкес, Астанадағы айырбастау пункттерінде АҚШ доллары 467,92 теңгеден сатып алынып, 474,79 теңгеден сатылып жатыр.
Еуроның сатып алу бағамы – 535,99 теңге, сату бағамы – 545,94 теңге.
Ресей рублі 5,60–5,90 теңге аралығында саудалануда.
Алматыдағы айырбастау пункттерінде АҚШ доллары 469,65 теңгеден сатып алынып, 472,01 теңгеден сатылуда.
Еуроның сатып алу бағамы – 539,44 теңге, сату бағамы – 545,08 теңге.
Ресей рублі 5,69 теңгеден сатып алынып, 5,84 теңгеден сатылып жатыр.
Шымкентте АҚШ долларының сатып алу бағамы – 470,52 теңге, сату бағамы – 472,58 теңге.
Еуро 537,68 теңгеден сатып алынып, 543,72 теңгеден сатылуда.
Ресей рублінің бағамы сатып алу кезінде – 5,72 теңге, сату кезінде – 5,80 теңге.
Қазақстан Ұлттық банкінің 17 шілдеге белгілеген ресми бағамына сәйкес, АҚШ доллары – 472,34 теңге, еуро – 541,25 теңге, Ресей рублі – 6,01 теңге.