17 тамызда Қазақстанда жел тұрып, нөсер мен бұршақ жауады

Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК мәліметінше, солтүстік-батыс циклоны және соған байланысты атмосфералық фронттар 17 тамызда Қазақстанның барлық аумағына ықпал етеді.

Ел бойынша найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Солтүстік және орталық өңірлерде қатты жаңбыр күтіледі, кей аудандарда бұршақ түсуі мүмкін. Республика аумағында желдің күшеюі болжанады.

Солтүстік-батыста және солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі.

Жоғары өрт қаупі күтілетін аймақтар:

  • Алматы, Жетісу облыстары;
  • Атырау облысының батысы;
  • Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысы;
  • Қызылорда облысының орталығы;
  • Жамбыл облысының оңтүстігі мен орталығы;
  • Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігі;
  • Маңғыстау облысының оңтүстік-батысы;
  • Абай облысының солтүстік-батысы;
  • Ұлытау облысының шығысы мен орталығы.

Төтенше өрт қаупі күтілетін аймақтар:

  • Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары;
  • Батыс Қазақстан облысының батысы;
  • Алматы облысының батысы, солтүстігі және шығысы;
  • Жамбыл облысының солтүстігі, батысы және шығысы;
  • Атырау облысының оңтүстігі мен шығысы;
  • Қостанай, Ақтөбе, Қарағанды, Ұлытау, Абай облыстарының оңтүстігі.