Ел бойынша найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Солтүстік және орталық өңірлерде қатты жаңбыр күтіледі, кей аудандарда бұршақ түсуі мүмкін. Республика аумағында желдің күшеюі болжанады.
Солтүстік-батыста және солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі.
Жоғары өрт қаупі күтілетін аймақтар:
- Алматы, Жетісу облыстары;
- Атырау облысының батысы;
- Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысы;
- Қызылорда облысының орталығы;
- Жамбыл облысының оңтүстігі мен орталығы;
- Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігі;
- Маңғыстау облысының оңтүстік-батысы;
- Абай облысының солтүстік-батысы;
- Ұлытау облысының шығысы мен орталығы.
Төтенше өрт қаупі күтілетін аймақтар:
- Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары;
- Батыс Қазақстан облысының батысы;
- Алматы облысының батысы, солтүстігі және шығысы;
- Жамбыл облысының солтүстігі, батысы және шығысы;
- Атырау облысының оңтүстігі мен шығысы;
- Қостанай, Ақтөбе, Қарағанды, Ұлытау, Абай облыстарының оңтүстігі.