ЕСІМДЕР
Ақтөбе облысының Ойыл ауданында туған. Ақтөбе мұғалімдер институтын, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын және аспирантурасын бітірген. 1951-1957 жылдары - Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасының аға редакторы, редакция меңгерушісі. 1957-1961 жылдары - Қазақ КСР Ғылым академиясы Тіл білімі институтының кіші ғылыми қызметкері. 1961-1981 жылдары Қазақ КСР Ғылым академиясы Тіл білімі институтының аға ғылыми қызметкері, тіл мәдениеті бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1981 жылдан Қазақстан Ғылым академиясы Тіл және әдебиет институтының бас ғылыми қызметкері, мәдениет және қазақ тілі бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.
Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері қазақ тілі тарихы мен грамматикасы, тіл мәдениеті мәселелеріне арналған. Қазақ жазба әдебиетінің негізін салуда Абай Құнанбаев шығармаларының зор маңыз атқарғанын дәлелдеді. «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі», «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі», «Абай тілінің сөздігі», тағы басқа еңбектерді жазуға қатысты. 15-19 ғасырлардағы қазақ әдеби тілінің тарихын, Қ.Жалайырдың «Жами-ат-тауарих» атты шежіресі тілін, қазақ тіл мәдениетінің мәселелерін зерттеді. Оның «Абай шығармаларының тілі», «Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы», «Сөздер сөйлейді», «Сөз сазы», «Қазақ тілі әдістерінің негізгі мәселелері», тағы басқа еңбектері жарық көрді. Р.Сыздықтың 130-дан астам ғылыми еңбегі, оның ішінде 9 монографиясы, оқулығы, оқу құралы бар. Есімі Қазақстан Республикасының Алтын кітабына енгізілген.
«Парасат», «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған. ҚР Мемлекеттік сыйлығының, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты.
Новосібір облысының Барабин қаласында туған. Ленинград кескіндеме, мүсін және сәулет институтын (Санкт-Петербургтың кескіндеме, мүсін және сәулет академиясы) бітірген. Портрет жанрының шебері, қондырмалы мүсін саласында жемісті еңбек еткен. Ол қазақ зиялылары А.Әшімов, Ә.Тарази, тағы басқалардың бейне галереясын жасаған. Оның лирикалық дарыны «Ана құшағы», «Қыз Жібек», «Замандас» туындыларында ашыла түсті. Мазмұны бай ұлттық образдарды сомдау қабілеті монументтік мүсін өнерінде көрінеді. Сонымен қатар, Алматы қаласында орнатылған Әліби Жангелдин ескерткішінің (Т.Досмағанбетовпен бірге), Павлодар қаласындағы Қаныш Сәтбаев ескерткіштерінің (Санжар мен Дәурен Досмағамбетовтермен бірге) авторы.
Қызылорда қаласында туған. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін бітірген. Заң ғылымдарының кандидаты. Университетті бітіргеннен кейін Қызылорда облыстық адвокаттар алқасында тағылымдамадан өтті. 1985-1986 жылдары Қызылорда облысының прокуратура органдарында облыс прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі және облыстық прокуратурада бөлім бастығы қызметтерін атқарды. 1993-1994 жж. - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Жалпы қадағалау басқармасының аға прокуроры, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Жалпы қадағалау басқармасының Банктер, қаржы-несие қатынастары туралы және тексеру органдарындағы заңнаманың сақталуын қадағалау бөлімінің бастығы. 1994-1996 жж. - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Заңдылық, құқықтық тәртіп және сот реформасын қамтамасыз ету бөлімінің консультанты, сектор меңгерушісі. 1996-1997 жж. - Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық полициясы басқармасы бастығының бірінші орынбасары. 1997-2001 жж. - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының аға көмекшісі - Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау басқармасы бастығының орынбасары, осы Басқарманың бастығы, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Мемлекеттік органдар қызметіндегі заңдылықты қадағалау департаментінің бастығы. 2001-2002 жж. - Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары. 2002-2003 жж. - Павлодар облысының прокуроры. 2003-2005 жж. - Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі. 2005-2007 жж. - «Атамекен» Қазақстан кәсіпкерлері мен жұмыс берушілерінің жалпыұлттық одағы атқарушы директорының орынбасары, «Қазақстан коммуналдық жүйелері» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы. 2006-2007 жж. - «Ордабасы» корпорациясы» АҚ президенті және директорлар кеңесінің мүшесі. 2007-2011 жж. - IV сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты («Нұр Отан» ХДП партиялық тізімі бойынша). 2012 жылы қаңтар- қыркүйек - V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты («Нұр Отан» ХДП партиялық тізімі бойынша). 2012 - 2016 жылдары ҚР Бас прокурорының орынбасары. Қазақстан Республикасының Бас прокуроры (2016-2017).
Қазіргі лауазымын 2017 жылдың желтоқсанынан бері атқарып келеді.
«Құрмет» орденімен; «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен; «Қазақстан Республикасы прокуратурасының құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталған.
Шымкент облысында туған. 1987 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітіргеннен кейін Орал (қазіргі Батыс Қазақстан) облысында прокуратура органдарында қызмет атқарды.
1994 - 1996 жылдар аралығында Тайпақ аудандық халық сотының судьясы, сот төрағасы болды. 1996-2004 жылдары Батыс Қазақстан облыстық сотының судьясы, 2004 - 2009 жылдары Батыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы, 2007-2010 жылдары «Қазақстан Республикасы Судьялар Одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының төрағасы, 2010 жылғы ақпан айынан Ақмола облыстық облыстық сотының кассациялық сот алқасының, 2012 жылдан Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы болды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 6 мамырдағы № 816 Жарлығымен Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы болып тағайындалды.
Алматы облысы Үштөбе қаласында туған. Алматы темір жол көлігі инженерлері институтын бітірді.
Еңбек жолы: Алматы жол бөлімінің Ақтоғай стансасы бойынша кезекші (1986 ж); «Қазақстан темір жолы» РМК Семей бөлімшесінің кәсіпорындарында (1988-1999); «Кедентранссервис» ЖАҚ атқарушы директоры (2002-2003); «ҚТЖ» ҰК» АҚ тасымалдау үдерісі бойынша басқарушы директор, «Көлік сервисі орталығы» АҚ президенті, «Ремвагон» АҚ президенті, «Ұлттық көліктік логистиканы дамыту орталығы» АҚ президенті (2005-2008); әр жылдары департаментте басқарушы лауазымдар атқарды. «ҚТЖ» ҰК» АҚ операциялық қызмет бойынша басқарушы директор (2014-2016); «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ президенті (2016-2017).
Қарағанды қаласында туған. 1994 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дің заң факультетін, 1998 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жоғары мемлекеттік басқару мектебін аяқтады. 1995-1997 жылдары Медеу ауданы прокурорының тағылымдамадан өтушісі, көмекшісі, аға көмекшісі; ҰЖМБМ тыңдаушысы (1997-98 жылдары). 1998-1999 жылдары Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің бас маманы, 1999-2000 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Орталық және жергілікті органдардың нормативтік құқықтық актілерін тіркеу және бақылау департаментінің директоры болып жұмыс істеді. 2000-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жанындағы «Ұлттық заң қызметі» ЖАҚ президенті, 2002 жылға дейін жеке секторда жұмыс істеді. 2002 жылғы қараша - 2003 жылғы маусым - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі. 2003 жылдан бастап, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда вице-министрі. 2006 жылдан бастап - «Қазына» Орнықты даму қоры» АҚ Басқармасы төрағасының орынбасары. 2007 жылдан 2008 жылға дейін - «Credit Swiss (Қазақстан)» ЖШС қаржылық жобалау маркетингі бойынша директоры. 2008 жылғы наурыз-мамыр - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі. 2009 жылғы мамырдан бастап, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрі. 2010 жылдың наурызынан - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі.
2012 жылдың қаңтар айынан бастап, Индустрия және жаңа технологиялар министрі. 2012 жылдың қыркүйегінен 2014 жылдың 6 тамызына дейін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі. 6 тамыздан бастап, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі. 2016 жылғы маусым айынан қазіргі қызметінде.
«Құрмет» орденімен, «Астанаға 10 жыл» медалімен марапатталған.
Ресей халықтар достығы университетін (Ресей), «Болашақ» халықаралық Президенттік стипендиясы бойынша University of Nottingham (Ұлыбритания) аяқтады.
Еңбек жолын ҚР Бас прокуратурасы басқармасының прокуроры (2001 жылдан бастап); ҚР Конституциялық Кеңес аппаратының құқықтық сараптама бөлімінің бас сарапшысы (2003-2005); ҚР Президенті Әкімшілігінің бас сарапшысы (2005-2006); ҚР Парламенті Сенатының бас сарапшысы (2006-2007); ҚР БҒМ министрінің кеңесшісі, ҚР БҒМ Заң департаментінің директоры (2007-2010); ҚР БҒМ Білім, ғылым саласын бақылау комитеті төрағасының орынбасары (2010-2013); ҚР БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ президенті (2013-2016).
«Ерең еңбегі үшін» (2009), «Қазақстан Конституциясына - 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы» медальдарымен марапатталған.
Ол Астана қаласында туған. Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясының Ақмола филиалын заңгер мамандығымен, Тұран-Астана университетін бітіріп қаржы бакалаврі дәрежесін алған. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің магистранты.
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы жүйесінде 2004-2008 жылдары қызмет атқарған. 2008-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы сектор меңгерушісі, ресми іс-шаралар мен сыртқы байланыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары болған. 2013-2017 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы ресми іс-шаралар мен сыртқы байланыс бөлімі меңгерушісі. 2017 жылғы маусымнан осы тағайындауға дейін Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысы болды.
Қазіргі лауазымын атқаруға 2018 жылдың шілдесінде кірісті.
Беларусь тумасы. Спортпен Қызылордада айналыса бастады.
Қызылорда Қорқыт ата атындағы университетте «Дене тәрбиесі» мамандығы бойынша білім алуда.