Бұл туралы Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.
Қыздың мәйіті «Ерсай» ЖШС кеме жасау зауытының маңынан табылған. Суға кеткен қыз баланы іздеуге 16 құтқарушы,5 техника және 3 суда жүзу қайық тартылған. Естеріңізге сала кетейік, 5 тамыз күні Құрық ауылында 17 жасар екі қыз бен 16 жастағы жасөспірім суға кеткен болатын.