Жеңімпаздар тұғырында жас спортшының жанында оның жетектеуші иті Вэйдор тұрды.
Шарлотта Браун дүниеге келгенде, көру қабілеті жақсы болған, бірақ уақыт өте келе, нашарлай бастады. Қазіргі кезде бойжеткеннің көздері жарықты көлеңкеден ажыра алатындай ғана көріп отыр. Бұған дейін Браун егер барлығын көре алса, ол үшін секіруді орындау өзіне тым қорқынышты екендігін айтқан еді.
«Өзімді жерден 3,5 метр биіктікте көрсем, қандай сезімде болатынымды білмеймін», - дейді ол.
Секіру үшін Браун сол жақ аяғымен жеті қадам санап, құрылғыда орнатылған арнайы дыбыс белгісін күтеді.