17 жастағы қазақстандық Dior көрсетіліміне қатысып, IMG Models-пен келісім жасады
АСТАНА. KAZINFORM — 17 жастағы Сейдолла Төрежан Париждегі ерлер сән апталығына қатысып, аңызға айналған Dior брендінің атынан подиумға шықты.
Бұл туралы Астана қаласының Орталық шахмат клубы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Белгілі болғандай, Сейдолла Төрежан аталған клубтың шахматшысы екен. Қазір ол әлемдегі ең ірі модельдік агенттіктердің бірі — IMG Models Сейдолламен келісімшарт жасасқан.
— Біздің оқушымыз — 17 жастағы Сейдолла Төрежан Париждегі ерлер сән апталығына қатысып, аңызға айналған Dior брендінің атынан подиумға шықты. Сонымен қатар, әлемдегі ең ірі модельдік агенттіктердің бірі — IMG Models Сейдолламен келісімшартқа отырды. Модельдік индустриядағы жетістіктеріне қарамастан, Торежан шахматты ұмытқан жоқ: қаңтар айында ол үшінші разрядты, ал ақпанда — екінші разрядты орындады. Бос уақыт табыла салысымен, ол шахмат тақтасына қайта отыруды жоспарлап отыр. Төрежанды және оның ата-анасын шын жүректен құттықтаймыз! Модельдік мансабында биік белестер мен шахматта жарқын жеңістер тілейміз! — делінген Орталық шахмат клубының хабарламасында.
Бұған дейін XXXIV Халықаралық «Витебск-2025» эстрадалық ән орындаушылары байқауында Гран-при жүлдесі қазақстандық Алмагүл Батталиеваға бұйырғанын жазғанбыз.