АСТАНА. KAZINFORM — 17 жастағы қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева Испанияның Вильена қаласында жасөспірімдер арасында өткен ITF Juniors J300 турнирінің чемпионы атанды.
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Жасөспірімдер арасында әлемдік рейтингіде 47-орында тұрған С.Жиенбаева финалда жарыстың 1-ракеткасы, бельгиялық Жульен Вандромені (33 ITF Juniors) 7:5, 6:0 есебімен ұтты. Бұл Соняның жекелей сында ITF Juniors додаларындағы жетінші титулы еді.
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
«Матч қиын болды. Жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын. Бельгиялық қарсыласым топырақ төсенішінде жақсы ойнайтындықтан, бар шеберлігімді салып, үздік өнер көрсетуге тырыстым. Бәрі сәтті болып, биылғы жылдағы алғашқы чемпиондық атаққа қол жеткіздім. Өз командамды, Болат Өтемұратов бастаған Қазақстан теннис федерациясын мені қолдап, сенім артқаны үшін алғысымды білдіремін», - деді Соня Жиенбаева.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Майами турнирінде Юлия Путинцеваның төртінші айналымға жолдама алғанын жазған болатынбыз.
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).