Майами турнирі: Юлия Путинцева төртінші айналымға жолдама алды

Путинцева
Фото: ktf.kz

МАЙАМИ. KAZINFORM — Қазақстанның екінші, әлемнің 68-ракеткасы Юлия Путинцева Майами (АҚШ) WTA 1000 турнирінің төртінші айналымына өтті.

Қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемнің 79-ракеткасы, бельгиялық Грет Минненмен сынға түсті.

Бірінші партияда қос брейкке қол жеткізген Путинцева басымдылық танытты – 6:2.

Екіншісінде есесіне бельгиялық спортшы 3:1 есебімен алға кетті. Сет біткенше осы қарқынынан айырылған жоқ – 6:2.

Үшінші, шешуші партияда есеп 4:4 болған мезетте Путинцева брейк жасап, матчқа доп бергенде, өз мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:4.

Бір сағат 41 минутқа созылған бәсекеде Юлия 1 эйспен бірге 4 брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдалана білді. Миннен 2 эйс, 2 брейкпен шектелді.

Юлия Путинцева ширек финалға шығу үшін әлемнің 2-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенко немесе рейтингіде 36-орындағы украиналық Ангелина Калининаның қай жеңгенімен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Майами мастерс турнирінде Бублик пен Шевченконың жарыс жолын аяқтағанын жазған болатынбыз.

Елена Рыбакина 16 эйс жасап, 1/8 финалға шықты

 

Соңғы жаңалықтар