17 жастағы АҚШ сноубордшысы Олимпиада чемпионы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америка сноубордшысы Хлоя Ким хаф-пайп  бойынша Пхенчхандағы Олимпиада ойындарының чемпионы атанды.

17 жастағы спортшының көрсеткіші - 98,25 ұпай, деп хабарлайды ТАСС.

Екінші орынды қытайлық спортшы қызы Лю Цзяюй (89,75), үшінші орынды америкалық Ариэль Голд (85,75) иеленді.

АҚШ сноубордшылары аталмыш спорттың үш түрі бойынша үш алтынға қол жеткізді. Бұған дейін 17 жастағы Редмонд Джерард пен 27 жастағы Джейми Андерсон ерлер мен әйелдер слоупстайлы бойынша чемпион атанған еді. Қазірдің өзінде АҚШ қоржынында алты медаль бар, оның үшеуі алтын, біреуі күміс және екеуі қола.