Трассада қалың топтың арасында болған 17 жастағы Монгер Патрик Пасманың көлігінің артынан соққан. Басқа машиналар оны айналып өтті. Жарақат аса ауыр болғандықтан дәрігерлер оның екі аяғын кесуге мәжбүр болды.
Жарысты тоқтатуға тура келді. Оқиға орнына дәрігерлер бригадасы жетті. Мамандар бір сағат бойы Монгерді қираған автокөліктен шығарып алуға тырысты. Шығарып алғаннан кейін шұғыл түрде тікұшақпен госпитальға алып кетті.