17 жастағы әуесқой боксшы 24 наурызда өткен жарысқа қатысқан. Жекпе-жектен кейін спортшының жағдайы нашарлап, оған алғашқы медициналық көмек көрсетіледі. Алайда оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады, ол ауруханаға жете бере көз жұмды.
Тергеу жүргізілуде. Полиция айқас жазбасы мен басқа да ақпаратты іздеуде.