«Мен бұған 12 жыл дайындалдым. Матчтың өз жерімде, таныс мінберде өткеніне қуанамын. Мен алғашқы құраммен шығар кезде қатты толқыдым, әсіресе бастапқы 10-15 минутта бұл қатты байқалған болуы керек. Одан кейін өзімді еркін ұстай бастадым, оны өз бетімше жасаған қимылдардан аңғаруға болады», - деді Арман Кеңесов.
«Павлодарлық спорт мектебінің тәрбиеленушісі Арман Кеңесов «Ертістің» негізгі командасының құрамында қарағандылық «Шахтерге» қарсы ойын көрсетті. Жас жартылай қорғаушы бастапқы команданың құрамында алғаш рет ойнады», - деді «Ертіс» клубының баспасөз қызметіндегілер.
Бозбаланың сөзінен белгілі болғандай, ол бапкерлер штабына берілген мүмкіндік үшін алғысын білдіреді.
«Бұл - ерекше сезім. Мен бұны жаттығуларда жән-тәніммен дайындалғаным үшін берілген сый деп түсінемін. Бапкерлерге осындай мүмкіндік үшін рахмет айтамын. Бұл соңғы ойын болмайды деп үміттенем. Ойын жайлы айтар болсам, оны көп жағдайда біз басқардық», - деді А. Кеңесов.