17 жастағы қызды пойыз басып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Ульяновск облысында темір жол бойында қаза тапқан 17 жастағы қыздың өліміне қатысты тергеуалды тексеріс жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды РФ Тергеу комитетінің баспасөз қызметі.

Алдын ала деректерге қарағанда, сенбі күні таңертең Николаевск ауданындағы Ключики стансасында жүк пойызы жолды кесіп өтпек болған 17 жастағы қызды қағып кеткен. Бұл оқиғаны көргендердің айтуларынша, ұялы телефонмен сөйлесіп келе жатқан қыз бала жақындап қалған жүк құрамасын байқамаған.

Машинист оны көрген, шұғыл пойызды тежеп, сигнал да берген. Өкінішке орай, апаттың алдын алудың орайы келмеді. Ауыр жарақаттанған қыз сол жерде көз жұмды, деп хабарлайды Росбалт.