17 жыл жасырынып жүрген қылмыстық топтың басшысы Қырғызстаннан экстрадицияланды

АСТАНА. KAZINFORM – Бас прокуратура Қырғызстан Республикасынан ұйымдасқан қылмыстық топпен ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапқа тартуға Қазақстан азаматын экстрадициялады.

Фото: видеодан алынған скрин

Тергеу барысында күдікті 2007–2008 жылдары Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы болып, қазақстандық банктердің бірінен 183 миллион теңгеден астам ақшаны көрінеу қайтарусыз несие беру арқылы ұрлағаны анықталды.

Алынған ақша оның мүшелері арасында бөлініп, жеке мақсаттарына пайдаланылған.

Қылмыс жасағаннан кейін ҰҚТ мүшесінің бір бөлігі сотталған, ал күдікті қылмыстық қудалау органынан жасырынған, осыған байланысты олхалықаралық іздеуге жарияланған.

2026 жылғы ақпанда ол Бішкекте ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Айып тағылған қылмыстар үшін мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Айта кетелік жиырма жыл бойы іздеуде жүрген күдікті Қазақстанға экстрадицияланған еді