Оны ТЖМ қызметкерлері құтқарып алды, деп хабарлады ТАСС.
«Шатой елді мекеніне кіреберістегі құздан ұл бала құлап кеткен. Алдын ала мәліметтер бойынша, тау суын аламын деп құлап кетуі мүмкін. Бір қуанарлығы, ол 80 метр тереңдікте бұтақтан ұстап үлгерген, әйтпесе 90 метрден кейін жерге құлар еді», - деді Ресей ТЖМ Шешенстан Республикасы бойынша басқарма басшысы Руслан Яхьяев.
«Шілде айынан бері республиканың туристік аудандарында қосымша ТЖМ бекеттері қызмет етуде. Сол қосымша бекет қызметкерлері хабарламаға дер кезінде жауап беріп, альпинистік жабдықтардың көмегімен баланы құтқарған», - деп атап өтті Яхьяев.
Қазір бала Грозный қаласындағы №2 балалар ауруханасында жатыр. Жағдайы қанағаттанарлық.