176 адамда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 8 қарашада тіркелген коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

«Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгісі бар пневмонияның 176 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 59 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 39058, 409 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 29138 жетті», делінген хабарламада.