18-20 мамырда Қазақстанның басым бөлігінде күн суытып, жауын жауады

АСТАНА. ҚазАқпарат -   18-20 мамырда Қазақстанның солтүстік өңірлерінде күн салқын, ал оңтүстікте ауа райы жауын-шашынды болмақ, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

 «Суық антициклон тарамдары Қазақстанның солтүстік өңірлеріне таралуда. Бұл түнгі температураның төмендеуіне алып келуде. Таяу екі тәулікте бұл облыстарда суық антициклон ықпалы сақталады. Республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыс облыстары арктикалық суық ағын ықпалында қалады. Бұл жерде ауа нормаға жуық және нормадан жоғары болады деп күтілуде. Қазақстанның батысында жер-жерлерде өткінші жауын жауып, күн күркіреп, температура көтеріледі.

Егер өткен тәулікте  күндізгі  температурасы    13...20ºС болса, алдағы үш тәулікте    22...30ºС-қа дейін көтеріледі», - делінген хабарламада.

Астанада 18 мамырда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз.   Жел солтүстік-шығыстан соғады  - 7-12 м/с. Түнде температура  -1-3°С, күндіз 15 17°С. 19 мамырда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел  оңтүстік-шығыстан  соғады - 5-10 м/с. Түнгі температура -1-3°С, күндіз 17 19°С.

20 мамырда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан - 5-10 м/с. Түнде температура   3 5°С, күндіз 19 21°С болады.

Алматыда 18 мамырда көшпелі бұлт шығады, өткінші жауын жауып, күн күркірейді. Жел  екпіні   10 м/с-қа жетеді. Түнде температура   14 16°С, күндіз 21 23°С.

19 мамырда көшпелі бұлт шығып, өткінші жауын жауады. Күн күркірейді. Желдің жылдамдығы - 0-5 м/с. Түнгі температура 9 11°С, күндіз   21 23°С. 20 мамырда ауыспалы бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы 0-5 м/с. Түнде 8 10°С, күндіз 23 25°С болады.