18 ақпан күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
20:15, 17 Ақпан 2023
АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 18 ақпан күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
10.00-де ҚР Орталық сайлау комиссиясы Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттары сайлауын өткізу шеңберінде партиялық тізімдерді тіркеу қорытындылары, сайлау алдындағы үгіт, шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу және басқа да мәселелер бойынша отырыстар өткізеді.
12.00-де Конгресс орталықта турниктен тартылу бойынша «TARTYL FEST» гранд-финалы өтеді.
18.00-де Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Отелло» трагедиясы сахналанады.
19.00-де Астана Балет театрында «Сұлтан Бейбарыс» балеті қойылады.
19.00-де «Астана Опера» театрында «Дала үні» балеті көрсетіледі.
19.00-де «Синтез» ізденіс-эксперимент театры «Қоштасқым келмейді» туындысын ұсынады.