18 ақпан. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 18 ақпан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
62 жыл бұрын (1963) Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры Марат Қадырұлы СЫРЛЫБАЕВ дүниеге келді.
Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында қызметкерлер отбасында туған. Алматы қаласындағы жалпы білім беретін орта мектепті үздік аяқтаған соң, 1980 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетіне оқуға түскен. Қазақ мемлекеттік Басқару академиясы жанындағы Нарық институтында «Банк ісі» мамандығы бойынша жоғары білім алған. Қазақ Ұлттық аграрлық университетінде заңгер біліктілігін алған.
Еңбек жолын 1985 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының КСРО тарихы кафедрасының оқытушысы қызметінен бастаған. 1992 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Тарих кафедрасында оқытушы болып қызмет еткен. 1995-1996 жылдары Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкінің Дүниежүзілік қаржы институттары және олардың қызметін талдау бөлімінің маманы болып жұмыс істеген. 1996-1998 жылдары ҚР мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитетінің мемлекет қатысатын шаруашылық серіктестіктері және АҚ бас басқармасының орынбасары, 1998-2001 жылдары «Кітап әлемі» АҚ-ның вице-президенті, 2001 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Өндірістік-шаруашылық және жалпы мәселелер жөніндегі проректорының орынбасары, 2002-2006 жылдары Қазақ Ұлттық аграрлық университетінде оқу-шаруашылық басқармасының басшысы, 2006-2008 жылдары Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің экономикалық мәселелер жөніндегі проректоры қызметінде болды. 2008-2009 жылдары ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Ішкі аудит басқармасының басшысы, 2009-2010 жылдары ҚР Индустрия және сауда министрлігі Стратегиялық жоспарлау және талдау Департаментінің Стратегиялық жоспарлау басқармасының басшысы, 2010 жылы «Мал өнімдері корпорациясы» АҚ Қаржы мәселелері жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
2010-2011 жылдары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қаржы-экономикалық қызмет жетекшісі болды. 2011-2018 жылдары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Қаржы-шаруашылық мәселелері жөніндегі проректоры қызметін атқарып келді.
2018 жылдың мамырынан Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры қызметіне тағайындалды.
51 жыл бұрын (1974) Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы Айдын Маратұлы НҰРБЕКОВ дүниеге келген.
Өскеменде туған. 1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, заңгер.
Еңбек жолы: 1995-1996 жылдары Алматы қалалық сотының консультанты, жетекші консультанты, 1996-1997 жылдары Талдықорған гарнизоны әскери соты төрағасының көмекшісі, ҚР Әділет министрлігі әскери соттар басқармасының инспектор-кеңесшісі, 1997-2000 жылдары ҚР Әскери соты төрағасының көмекшісі, 2000-2004 жылдары Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының судьясы, 2004-2007 жылдары Алматы қалалық сотының судьясы, 2007-2010 жылдары ҚР Әскери сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы, 2010-2015 жылдары ҚР Әскери соты кассациялық сот алқасының төрағасы болып қызмет атқарды.
Қазіргі лауазымын 2015 жылдың желтоқсанынан бері атқарып келеді.
46 жыл бұрын (1979) Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының әкімі Дархан Шомпайұлы ЖӨРГЕКБАЕВ дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақжар ауылында дүниеге келген. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Қазақстан тарихы» мамандығы, Алматы экономика және статистика академиясын «Қаржы» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2003 жылы ШҚО статистика департаментінің бас маманы болып бастады. 2005-2011 жылдары Тарбағатай аудандық статистика басқармасының басшысы болған.2011-2015 жылдары аралығында Ұлан аудандық статистика басқармасының басшысы лауазымын атқарды. 2015-2019 жылдары Аягөз ауданы әкімінің орынбасары болып еңбек етті. 2019-2021 жылдары Ұлан ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. 2021-2022 жылдары Семей қаласы әкімінің орынбасары болды.
Қазіргі қызметін 2022 жылдың тамыз айынан бастап атқарып келеді.
46 жыл бұрын (1979) «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі Ербол Лесбекұлы ӨСТЕМІРОВ дүниеге келді.
Шымкент қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша, М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 2000-2002 жылдары Қарағанды облысы Шет ауданы прокурорының көмекшісі, 2002-2004 жылдары Қарағанды облысы прокуратурасының мемлекеттік органдар қызметіндегі заңдылықты қадағалау басқармасының прокуроры, 2004-2007 жылдары Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы прокурорының орынбасары, 2007 жылы Сәтбаев қаласы прокурорының орынбасары, 2008-2010 жылдары Шымкент қаласы Еңбекші ауданы прокурорының көмекшісі, 2010-2013 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасы 1-басқармасының бөлім прокуроры, прокурор, аға прокуроры болып қызмет атқарған. 2013 жылы «Ас То и К» ЖШС директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары, 2013-2014 жылдары «Атамекен» ҚР ҰКП Қоғамдық мониторинг департаментінің 2-санаттағы сарапшысы, 2014-2015 жылдары Атамекен» Қоғамдық мониторинг және әкімшілік кедергілермен жұмыс департаменті директорының орынбасары, 2015-2017 жылдары «Атамекен» ҰКП Қоғамдық мониторинг және әкімшілік кедергілермен жұмыс департаментінің директоры, 2017-2020 жылдары «Атамекен» ҰКП Қоғамдық мониторинг және әкімшілік кедергілермен жұмыс департаментінің директоры-Басқарушы директоры, 2020 жылы «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары, 2020-2021 жылдары «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының кеңесшісі лауазымын атқарды.
Қазіргі қызметін 2021 жылдың қазан айынан бері атқарып келеді.
«Атамекен» ҚР ҰКП-ның «Ісіне адалдығы үшін» ІІІ дәрежелі медалімен, «ҚР Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медалімен, «Атамекен» ҚР ҰКП Құрмет грамотасымен, ҚР Бас прокуроры атынан «Прокуратура үздігі» медалімен марапатталған.
45 жыл бұрын (1980) Атырау облысы Индер ауданының әкімі Серік Бағытжанұлы НСАНБАЕВ дүниеге келді.
Атырау облысында туған. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 2003-2008 жылдары Атырау қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық және әскери жұмылдыру жұмыс бөлімінің бас маманы, 2008-2017 жылдары Атырау қалалық әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы, 2017-2022 жылдары Атырау қаласы әкімі аппаратының басшысы лауазымын атқарды. 2022-2024 жылдары Атырау қаласы әкімінің коммуналдық мәселелер жөніндегі орынбасары лауазымында болды.
Қазіргі қызметін 2024 жылдың желтоқсанынан бері атқарып жатыр.
39 жыл бұрын (1986) Тәуелсіз директорлар қауымдастығының (QID) и Institute of Directors (IoD) Chartered Director-ы Елнар Русланұлы АДАЙБЕКОВ дүниеге келді.
Алматы қаласында дүниеге келген. КИМЭП университетінде оқыған, King’s College London Компьютерлік технологиялар мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолы: 2008-2009 жылдары «Нұрбанк» АҚ инвестициялық банкинг басқармасының жобалық менеджері болып қызмет атқарған. 2009-2010 жылдары «Нұр-Транс» АҚ тәуекелдер бөлімінің бастығы, 2010 жылы The Rompetrol Group тәуекел-менеджері, 2012-2015 жылдары Rompetrol Gas SRL Бас директорының орынбасары болды. 2015 жылы «Транстелеком» АҚ Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес «Транстелеком» АҚ корпоративтік басқару және құқықтық мәселелер жөніндегі вице-президенті болып сайланды. 2017 жылғы 20 қаңтардан бастап Қоғамның Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес Даму және құқықтық мәселелер жөніндегі вице-президент – Қоғам Басқармасының мүшесі болып сайланды. 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап Қоғамның Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес ол Басқарма Төрағасының ұйымдық даму жөніндегі орынбасары – Қоғам Басқармасының мүшесі болып сайланды. 2020-2023 жылдары «Транстелеком» АҚ Басқарма төрағасы болды.
87 жыл бұрын (1938-2020) Қазақстан Республикасының мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, Нью-Йорк Ғылым академиясының мүшесі, Пәкістан ҒА мүшесі Кенжеғали Әбенұлы САҒАДИЕВ дүниеге келген.
Қостанай облысының Жангелдин ауданында туған. 1960 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолы: 1960-1963 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінде ассистент, аға оқытушы, 1963-1966 жылдары Мәскеу халық шаруашылығы институтының аспиранты, 1966 жылдан Алматы халық шаруашылығы институтында ғылыми-педагогикалық және басшылық қызметтер атқарды. 1982-1990 жылдары Целиноград ауыл шаруашылығы институтының ректоры, 1990-1994 жылдары Қазақ мемлекеттік экономикалық университетінің (1993 жылдан Қазақ мемлекеттік басқару академиясы) ректоры, 1994-1996 жылдары ҚР ҰҒА президенті, 1996-2004 жылдары Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің, Халықаралық бизнес университетінің ректоры болды. 2004-2007 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, 2007-2011 жылдары «Нұр Отан» ХДП тізімі бойынша ҚР Парламенті Мәжілісі 4-ші шақырылым депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі, 2010 жылдан «Атамекен» Қазақстан ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының мүшесі.
ҚР ҰҒА академигі, Нью-Йорк Ғылым академиясының мүшесі, ҚР ЖМ ҒА және ЖМ ХҒА академигі, Пәкістан ҒА мүшесі (2002). Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері (2003). «Еңбек Қызыл Ту» (1971), «Халықтар Достастығы» (1987), «Парасат» (2005), II дәрежелі «Барыс», «Құрмет белгісі» ордендерімен, бірнеше медальмен марапатталған. Кембридж өмірбаян орталығының «Жыл адамы-1992» атағын алған.