НҰР-СҰЛТАН
9.30-да Шератон қонақ үйінде «Ауылдағы әйелдер кәсіпкерлігі – қолдау формаларын анықтау және кедергілерді еңсеру» атты конференция өтеді. Zoom конференцияға қосылу үшін:
https://us02web.zoom.us/j/2145222089?pwd=ZUxmZGZRTGFMZ0FrbzFwcHVGT1ZCdz09. Идентификатор: 214 522 2089, код: 0VEDe7.
10.00-де «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының кезектен тыс ІХ Съезі өтеді. Съездің трансляциясы «Атамекен» ҰКП Facebook желісіндегі ресми парақшасында (https://www.facebook.com/atamekenkz/) және Atameken Business Channel телеарнасында (https://inbusiness.kz/ru/tv) тікелей эфирде көрсетіледі.
11.30-да 26 мектеп-гимназиясында Білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен «Мектеп медиациясы қызметі» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.
12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде
«ҚР ДСМ ағымдағы қызметі туралы: МЖӘ жобаларының жай-күйі, медициналық техникаларды орталықтандырып сатып алу және вакцинация мәселелері» атты баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев; ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Байсеркин; ҚР ДСМ дәрілік саясат Департаментінің директоры Бауыржан Жүсіпов; «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев. Көрсетілім сілтемелері: ttps://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/user/ortcomkz.
16.00-де онлайн режимінде «Қазақстан халқына» қорының басқарма мүшелері білім беру саласындағы үкіметтік емес ұйымдармен алдағы ынтымақтастық жолдарын талқылайды.
16.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде
«Әлеуметтік кәсіпкерлік туралы жаңа заң жобасы жөнінде баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР ҰЭМ саясат және кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Ерік Жамбылов; Заң жобасы бойынша жұмыс тобының мүшесі, әлеуметтік кәсіпкер Эмин Әскеров. Көрсетілім сілтемелері: ttps://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/user/ortcomkz.
19.00-де Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында «Сәкен сұңқар» драмасы қойылады.
19.30-да «Қазақстан» орталық концерт залында Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі елордалық көрермендерге «Вечер музыкальных контрастов» атты жаңа концерт ұсынады.