18 қаңтар. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

Фото: None
АСТАНА. 18 қаңтар. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2014 жылғы 18 қаңтарға арналған күнтізбесін ұсынады.

18 қаңтар СЕНБІ

Перудегі Лима аптасы. 1821 жылы Лима қаласы тәуелсіз Перудің астанасы болып жарияланды. Лимада осы күнге дейін сақталып қалған айбынды шiркеулер және испандық бекзадалардың салтанатты жекежайлары, вице-корольдің сарайы бар. 1991 жылы ЮНЕСКО Лиманы адам баласының мәдени мұрасы деп жариялады.

Тунисте төңкеріс күні . Тунистегі жыл сайын қаңтардың 18-інде атап өтетін төңкеріс күні Еске алу күні ретінде де танымал. 1881 жылдан Францияның отарында болып келген Тунисте 1956 жылы ұлттық қозғалыс болып, Франциядан тәуелсiздiк алған.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

45 жыл бұрын (1969) Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай қазақ драма театры Б.Майлинның «Жалбыр» спектаклімен өз шымылдығын ашты. Театрға 1978 жылы актер, режиссер, Қазақстанның халық әртісі Құрманбек Жандарбековтің есімі берілді. Бірінші бас режиссері - Қ.Шанин, директоры - Т.Бәйімбетов.

3 6 жыл бұрын (1978) «Жұлдыз» журналы «Халықтар достығы» орденімен марапатталды.

23 жыл б ұ рын (1991) «Қазақ КСР-ның банк және банк қызметі туралы» Заңы қабылданды.

2 2 жыл бұрын (1992) «Сөздің пірі - Сүйінбай» атты жаңа ғылыми-танымдық телефильм жарық көрді.

2 2 жыл бұрын (1992) Алматыдағы Кино үйінде Талғат Теменовтің «Қызғыш құс» атты көркем фильмінің премьерасы өтті.

2 2 жыл бұрын (1992) Австрия Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін мойындады.

20 жыл бұрын (1994) Оңтүстік Қазақстан облысының өнер ұжымы Түркияда өткен түркі тілдес елдер қуыршақ театрлары халықаралық фестивалінде бас жүлдеге ие болды.

1 8 жыл бұрын (1996) Семей қаласында әдебиеттанушы ғалым, абайтанушы, жазушы, драматург, Қазақстанның тұңғыш әнұранының авторы, ғалым Қайым Мұхамедханұлының 80 жасқа толғаны аталып өтілді.

1 5 жыл бұрын (1999) Елбасы Н.Ә.Назарбаев Астанадағы «Мирас» халықаралық Қазақстан-Америка мектебінің іргетасын қалау рәсіміне қатысты.

9 жыл бұрын (2005) Алматыда журналистердің жаңа қоғамдық ұйымы «MediaNet» Халықаралық журналистика орталығы» құрылды. Орталықтың мақсаты журналистердің кәсіптік деңгейін жақсарту болып табылады.

9 жыл бұрын (2005) Бейжіңде «Мал өнімдерi корпорациясы» ЖАҚ қазақстандық мал шаруашылығы азық-түлiк бірлестігінің өкiлдігі ашылды.

«Мал өнімдерi корпорациясы» ЖАҚ ауыл шаруашылығын дамытуда бюджеттік қаржыландыруды ұлғайту мақсатындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік агроазық бағдарламасын және ауылды қолдау үшжылдық бағдарламаларын іске асыру аясында Қазақстан Үкіметінің Қаулысымен құрылған.

Корпорация қызметiнiң негiзгi бағыттары мал өнімдерін дайындау, өңдеу және iшкi және сыртқы нарыққа шығару болып табылады.

8 жыл бұрын (2006) Батысқазақстандық қаламгер Аманкелді Шахиннің «Жайсаңдары-ай, Жайықтың!» атты жаңа кітабы жарық көрді.

Аманкелді Шахиннің әр жылдары «Мәңгі көктем» атты өлеңдер жинағы мен «Сол бір сүргін» деген публицистикалық кітабы оқырмандар назарына ұсынылған болатын. Оның жаңа жинағына өлеңдері мен балладалары, шағын әңгімелері, әнге жазылған мәтіндері топтастырылған. Туындыларының тілі шұрайлы, мазмұны қанық, тартымды оқылады. Шығармаларының кейіпкерлері де автордың өзімен етене жақын болғандықтан, оқиғалары да шынайы.

8 жыл бұрын (2006) Алматыдағы М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрында тарихи-тағылымдық «Қазақтар» драмасының премьерасы болды. Қойылымда қазақ халқының өз алдына мемлекет болып қалыптасу кезеңі сөз болып, ал негізгі идеясы - түбі де, тегі де бір түркі әлемінің аласапыран мына заманда қайта тұтасу мақсатын көздейді. Жәнібек ханның рөлінде ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Тұңғышбай әл-Тарази, Керей сұлтанды - Қазақстанға еңбек сіңірген әртіс Айдос Бектемір, Мұхаммед Шайбаниді - Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты Ерлан Біләл, Қасым төрені - Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты Асылбек Боранбай, Қойгелді батырды - әртіс Бауыржан Қаптағай сомдады. Қойылым суретшісі - Еркін Әдісбек, композиторы - Әділ Бестібаев.

6 жыл бұрын (2008) Оралда Ғабдолла Тоқайдың Орал орталығының төрағасы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Разақ Әбузаровтың редакциялауымен «Еуразиялық ойлауды қалыптастыру мәселелері» атты кітабы жарық көрді.

Бұл жинаққа 35 автор - ғалымдар, тарихшылар, өлкетанушылардың еңбектері топтастырылған. Бұл Ғ.Тоқайдың Орал орталығының Орал, Қазан жұртшылығымен, Еуразиялық кеңістік ғалымдарымен 12 жылдық жұмысының нәтижесі іспеттес. Еуразиялық идеяны жүзеге асыру Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтан бастау алғаны белгілі. Кітапта осы идея негізгі арқау болып тартылған. Қазақстан, Татарстан, Ресей Федерациясы, Қырғызстан ғалымдарының еңбектерінде еуразиялық ойлауды қалыптастыру, жаһандану жағдайында тілдің, ұлттық құндылықтардың жойылып кетпеуі, дінаралық келісім және басқа өзекті мәселелер кеңінен сөз болады.

6 жыл бұрын (2008) Алматы қалалық денсаулық сақтау департаментінің ресми сайтының тұсауы кесілді.

Алматы қаласы бойынша 2005-2010 жылдарға арналған денсаулық сақтау саласын дамыту және реформалау мемлекеттік бағдарламасы аясында жасалған сайт www.almatyzdrav.kz атауын иеленген. Сайт тұрғындардың медициналық қызмет туралы толыққанды ақпараттар алуына негізделген. Одан қаладағы медициналық мекемелер туралы ақпараттар алуға, негізгі нормативтік құжаттар, заңдар, тарихи ақпараттар, арнайы бюллетеньдер, фото, видео, аудио материалдар табуға болады. Сондай-ақ өтініш шағымдардың электронды формалары қарастырылған, интернет мәжілістер, сараптамалық талқылаулар өткізу жүйесі қарастырылған.

4 жыл бұрын (2010) Ресейде Қазақстан үшін пайдаланылған ядролық отынды сақтауға арналған бірінші қорап кешені дайындалды

Пайдаланылған ядролық отынды сақтауға арналған қорап кешендері атом-электр стансыларына арналған.

4 жыл бұрын (2010) Қарағанды облысындағы Жезқазған қалалық мәслихатының шешімімен қаланың екі - Маяковский және Горький көшелерінің атаулары өзгертілді.

Олар бұдан былай белгілі жерлестерінің - Ошақбай Асылбековтің және Камал Смайыловтың аттарымен аталады. Бұрынғы партия қайраткері Ошақбай Асылбеков кеңес дәуірінде Жезқазғанның қалыптасуына және дамуына үлес қосты. Ол «Жезқазғанның құрметті азаматы» атағын алған. Камал Смайылов Ұлытау ауданының тумасы - жазушы-публицист, кинотанушы, Қазақстан Республикасының еңбек сііңірген қызметкері, профессор.

3 жыл бұрын (2011) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Астанада DVB-S2 сандық стандартындағы Ұлттық телерадио хабары тараnsлымының спутниктік желісі салтанатты түрде іске қосылды

2 жыл бұрын (2012) Мемлекет басшысы «Телерадио хабарын тарату туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

1 жыл бұрын (2013) Жас пианистердің бірінші халықаралық «Astana Piano Passion» байқауының сайтында қазақ композиторларының ноталары орналастырылды.

143 жыл бұрын (1871) Франция - Пруссия соғысы француздардың жеңілісімен аяқталып, Париж маңындағы Версаль сарайында Германия империясын құру шешімі жарияланды.

128 жыл бұрын (1886) тұңғыш автомобиль шығарылды

80 жыл бұрын (1934) ағылшын полициясы қылмыс туралы мәлімет алмасатын қалта радиоқабылдағыштармен қамтамасыз етілді. Радиоқабылдағыштың көмегімен ең алғаш тұтқынға түскен қылмыскер дүкеннен үш пальто ұрлап шыққан соң 15 минуттан кейін қолға түскен.

50 жыл бұрын (1964) американдық дәрігерлер АҚШ конгресін темекі шығаратын компанияларды қорап сыртына «темекі тарту сіздің денсаулығыңызға зиянды» деген ескерту енгізуге міндеттеуге шақырды.

ЕСІМДЕР

11 1 жыл бұрын (1903-1989) жазушы, қоғам қайраткері, Қарағанды қаласының құрметті азаматы ӘМІРОВ Құсайынбек дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Кеңес-партия мектебінде және Түркістан майданы саяси басқармасының лекторлар даярлайтын курсында оқыған. 1920-1921 жылдары 4-ші Түркістан атты әскер полкінің саяси қызметкері, 16-шы қазақ атты әскер полкінің әскери комиссары, Алматы уезі батырақтары бюросының төрағасы болған. 1920 жылы Д.Фурманов штабында күзетте болып, Верныйдағы контрреволюциялық бүлікті басуға қатысқан. 1921-1922 жылдары Үзген революциялық комиссиясының төрағасы, гарнизон әскери комиссары болып, басмашылармен күрескен. Қазақ өлкелік комсомол комитетінің бөлім меңгерушісі, Бүкілодақтық Коммунистік большевиктер партиясы Алматы губерниялық комитетінің бөлім меңгерушісі, Жаркент уездік комитетінің, Алматы губерниялық комитетінің хатшысы, Қазақстан Коммунистік партиясы Қостанай облыстық комитетінің хатшысы қызметтерін атқарған. Қоғам қайраткері 1938 жылы маусымның 22-інде «халық жауы» ретінде тұтқындалып жер аударылған. 1954 жылы ақталған соң Алматыға оралған. Оның «Қарағанды таңы», «Өмір шақырады», «Жақсылық кезек күтпейді», т.б. кітаптары жарық көрген.

«Ленин» орденімен, медальдармен марапатталған.

9 1 жыл бұрын (1923-2004) техника ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Жоғары мектеп ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, А.Эйнштейн атындағы Халықаралық энергетика академиясының, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері ПОЛЫВЯННЫЙ Иван Родионович дүниеге келді.

Ұлы Отан соғысына қатысқан. Қазақ тау-кен металлургиялық институтын бітірген. 1949-1992 жылдары Қазақстан Ғылым академиясы Металлургия және кен байыту институтының кіші, аға ғылыми қызметкері, зертхана меңгерушісі, бас ғылыми қызметкері болған. 1992-2004 жылдары Республикалық сараптау және болжау ғылыми-зерттеу орталығы директорының орынбасары, ғылыми жетекшісі болған. Ғалымның 700-ден астам ғылыми жарияланымы, 60 өнертабысы және 7 патенті бар. Негізгі ғылыми еңбектері металлургия саласына арналған.

«Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

1 10 жыл бұрын (1904-1975) атақты актер БАБОЧКИН Борис Андреевич дүниеге келді.

Ол Бүкілодақтық кинематографистер институтында қазақ кино актерлерінің бір тобын тәрбилеп шығарды. Шәкірттерінің арасында Жамбыл Құдайбергенов, Жанна Керімтаева, Меңтай Өтепбергенов секілді танымал кино өнерінің шеберлері бар.

12 9 жыл бұрын (1885-1973) зоолог, анатом, биология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның ғылым мен техника саласына еңбегі сіңген ғылым қайраткері ДОМБРОВСКИЙ Бронислав Александрович дүниеге келді.

Украинада туған. Самар гимназиясын, Киев университетін бітірген.

1929 жылдан Қазақстанда жұмыс істеген. Ол - елімізде жануарлардың салыстырмалы анатомиясы мен морфологиясын зерттеу мектебін, Биология ғылымындағы биоморфология бағытын қалыптастырды.

1929-1954 жылдары Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтында (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) өзі құрған мал анатомиясы кафедрасын басқарды. 1954 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақ мемлекеттік университетінде (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) жануарлар морфологиясы және зоология кафедраларына басшылық етті, кеңесші-профессор болды.

Негізгі ғылыми-зерттеу еңбектері салыстырмалы анатомия мен жануарлардың эволюциялық морфологиясына арналған. Домбровский омыртқалылар мен омыртқасыздардың тыныс алу, ас қорыту, жүрек, қантамыр, жүйке мен жыныс жүйелерінің қызметін зерттеді. Батыс Қазақстан, Украина мен Кавказ маңына зоологиялық экспедиция жасап, сол аймақтардың фаунасын зерттеді.

«Основы сравнительной морфологии животных» и «Сравнительная морфология животных и синтетическая зоология» атты ғылыми еңбектердің авторы.

11 4 жыл бұрын (1900-1964) қазақтың халық ақыны САРИЕВ Әбдіғали Нұрымбетұлы дүниеге келді.

Ол 1919 жылы Алматыда, 1923 жылы Ұзынағашта өткен Жетісу ақындарының слетіне, 1938 жылы Жамбыл Жабаевтың 75-жылдық мерейтойына арналып өткізілген ақындар айтысына қатысты. 1939 және 1943 жылдары Кенен Әзірбаев, Саяділ Керімбеков, Үмбетәлі Кәрібаев, Есдәулет Кәндековтармен айтысып, бақ сынасты.

Ә.Сариев «Саурық батыр», «Асу», «Алатау майданы», «Қойшы» сияқты бірнеше поэманың авторы.

Қызыл Жұлдыз орденімен және медальдармен марапатталған.

11 8 жыл бұрын (1896-1970) орыс ғалымы, филология ғылымының докторы ЗЕЛИНСКИЙ Корнелий Люцианович дүниеге келді.

Ресейдің Мәскеу қаласында туған. Мәскеу университетін бітірген. Ол Кеңес Одағы құрамындағы халықтардың әдебиеті және шетел әдебиеті туралы көптеген зерттеу еңбектерін жазған. Қазақ халқының ұлы ақыны Жамбыл Жабаев туралы монография жазып, оның шығармаларын әлем халықтарына танытуға елеулі үлес қосты.

Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған.

5 8 жыл бұрын (1956) («Тұлпар -Тальго» ЖШС бас директоры) «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарушы директоры - бас инженері ӘБДИЕВ Төлбай Қынатұлы дүниеге келді. Жамбыл облысы Мерке ауылында туған. Ташкент темір жол көлігі инженерлері институтын бітірген. 1977-1988 жылдары - Целиноград белгі беру және байланыс дистансасының өндірістік телім бастығы, бас инженері, аға электромеханигі, электромеханигі, Целиноград бөлімшесінің техникалық бөлім бастығы, бастығының орынбасары. 1988-1998 жылдары - Целина темір жолдары басқармасы техникалық бөлімінің бастығы, «Қазақстан темір жолы» РМК Ақмола тасымалдау бөлімшесінің бастығы, Ақмола темір жолдары бастығының бірінші орынбасары - бас инженері. 1998-2002 жылдары - «Қазақстан темір жолы» РМК бас директорының Энергетика, байланыс және информатика жөніндегі орынбасары, «Қазақстан темір жолы» РМК бас инженерінің орынбасары, басқарма бастығы, «Қазақстан темір жолы» ЖАҚ бас инженерінің орынбасары. 2002-2009 жылдары - «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның атқарушы директоры, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының филиалының бас менеджері, «Қамқор» жөндеу корпорациясы» ЖШС корпоративтік даму активтерін басқару департаменті директорының орынбасары, директоры, «Central Asia Protrans» ЖШС-нің директоры, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ - «Магистральдық жүйелер дирекциясы» Өндіріс жөніндегі директордың орынбасары, «Қазақстан темір жолы» ҰК» акционерлік қоғамы бас инженерінің міндетін атқарушы, «Қазақстан темір жолы» ҰК» акционерлік қоғамының бас инженері, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарушы директоры - бас инженерінің міндетін атқарушысы қызметтерін атқарған.

«Астана» медалімен, «Біртұтас Қазақ темір жолына 50 жыл», «Почетный железнодорожник» төс белгілерімен марапатталған.

5 6 жыл бұрын (1958) Қазақстандық индустриялық даму институтының вице-президенті ҒАЛИЕВ Сейітқали Жолдасұлы дүниеге келді.

Қарағанды қаласында туған. Магнитогор кен металлургия институтын, Қазақ КСР ҒА Кен істер институтының аспирантурасын, Францияның Фонтенбло қаласындағы «Минералдық шикізатты озат зерттеу орталығында» оқып, кен өндірісінің менеджменті мамандығын алған. Техника ғылымдарының докторы.

1975-1976 жылдары -Қазақстан КП Орталық комитетінің баспасчында слесарьдің үйренушісі. 1979-1980 жылдары Жітіқара кен-байыту комбинатында 4-разрядты слесарь, бұрғылау цехында бұрғылу станогы машинисінің көмекшісі. 1985-1986 жылдары - Челябі қаласында Кен рудалары ғылыми зерттеу институтында инжекнер. 1989 жылдан - жер қойнауын ашық игеру зертханасында кіші ғылыми қызметкер. 1991 жылдан - аға ғылыми қызметкер, 1997 жылдан - жетекші ғылыми қызметкер, 2000 жылдан Д.А.Қонаев атындағы Кен істер институтында бас ғылыми қызметкер. 2001 жылдан «ҚР Минералдық шикізатты кешенді өңдеу Ұлттық орталығы» РМК бас ғалым-хатшысы. 2001 жылдан - Д.А.Қонаев атындағы «Кен істері институтының» директоры. Қазіргі қызметінде - 2010 жылғы тамыздан бері. ҚР Жастар одағы сыйлығының, Қ.И.Сәтбаев атындағы және Ш.Е.Есенов атындағы сыйлықтардың лауреаты.

3 9 жыл бұрын (1975) «Қазақстан» телеарнасының жаңалықтар жүргізушісі АЛМОЛДИНА Мәдина дүниеге келді.

Астана қаласында туған. Солтүстік Қазақстан университетін бітірген. Облыстық қаржы басқармасында, «Қазақтелеком» АҚ-да жұмыс жасады. Қазіргі қызметінде - 2002 жылдан бері. 2004 жылы Мәскеуде радио және телевизия қызметкерлерінінің білімін көтеру инситутын бітіріп, «жаңалықтар қызметінің журналисі» мамандығын алды.

70 жыл бұрын (1944) Австралия премьер-министрі КИТИНГ Пол Джон дүниеге келді.

6 7 жыл бұрын (1947) жапон актері және кинорежиссері Такеши КИТАНО дүниеге келді.

6 5 жыл бұрын (1949) американдық журналист «The New York Times» халықаралық бөлімінің басшысы КЕЛЛЕР Билл дүниеге келді.

5 2 жыл бұрын (1962) кеңестік, грузин және ресей әншісі, Ресей мен Грузияның халық әртісі ГВЕРДЦИТЕЛИ Тамара (Тамрико) Михайловна дүниеге келді.