18 қаңтар күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 18 қаңтар күні астанада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

11.00-де Астана қаласының коммуникациялар қызметінде «Қысқы шомылу кезіндегі қауіпсізідк» атты брифинг өтеді. Спикер: Астана қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының міндетін атқарушы Азамат Құсайынов. Онлайн-конференция «Астана қаласының коммуникациялар қызметінің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында көрсетіледі:

https://www.facebook.com/rsk.astana01 https://instagram.com/rsk.astana?igshid=YmMyMTA2M2Y

15.00-де ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2022 жылғы жұмыс қорытындылары мен 2023 жылға арналған басым міндеттері бойынша алқа отырысы өтеді.

19.00-де Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында «Қорғансыздың күні» драмасы қойылады.

19.00-де Номад Сити холл ғимаратында Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында «Алаш жолы» драмасының премьерасы өтеді.


Фото: www.istockphoto.com