18 қараша. СӘРСЕНБІ
Латвия Республикасының мемлекеттік мейрамы - Республиканың құрылған күні (1918). Латвия Республикасы үкіметінің бірінші басшысы болып Карлис Улманис сайланды. Ол кезде Латвия аймағында қызық жағдай қалыптасқан еді. Бұл мемлекетті шын мәнінде немістер басқарып тұрды, жыл соңында Латвия айлақтарына ағылшынның әскери кемелері келіп кіре бастады, сонымен бірге оның үлкен бөлігінде Кеңес өкіметі орнаған болатын.
Қазақстан Республикасы мен Латвия Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы желтоқсанның 10-ында орнатылды. Бүкіләлемдік өкпенің созылмалы ауруына қарсы күні.
Дүниежүзіндегі осы аурумен ауыратын адамдарға мәлімет беру керек және де жасалатын көмектің көлемін кеңейту мақсатымен өкпенің созылмалы обструктивтік ауруына қарсы күрес Жаһандық бастамамен ұйымдастырылған Бүкіләлемдік өкпенің созылмалы обструктивтік ауруына қарсы күні жыл сайын атап өтілетін оқиға болып табылады. ДДҰ өкпенің созылмалы обструктивтік ауруына дүниежүзілік қоғамның назарын аударатын осы бастаманы қолдайды. Өкпенің созылмалы обструктивтік ауруы бүкіл әлемде адам өліміне әкелетін маңызы бойынша төртінші себеп болып табылады. Оманның Ұлттық мерекесі - Кабуса бен Саид Альбусаидтың туған күні Марокконың тәуелсіздік күні
Географиялық ақпараттық жүйелер күні
Жыл сайын қызметі географиялық ақпараттық жүйелерді әзірлеуге және қолдауға байланысты бірқатар ірі америкалық компаниялар мен ұйымдарының бастамасы бойынша атап өтіледі. мереке әдетте сәрсенбіде қарашаның үшінші аптасында атап өтіледі. Алғаш рет 1999 жылы ресми мерекеленді.
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР 18 жыл бұрын (1997) Вашингтонда ҚР Президенті Н.Назарбаевтың сапары барысында «Қарашығанақ» мұнай-газ кеніші жөніндегі келісімге қол қойылды. Пайдадағы 80% үлесі Қазақстанға тиесілі болды. 16 жыл бұрын (1999) Астана қаласы көшелерінің біріне жазушы Қошке Кемеңгерұлының есімі берілді. 16 жыл бұрын (1999) Қарағанды облысының Ульянов елді мекенінде Бұқар жырау Қалқаманұлына ескерткіш орнатылды. 1 1 жыл бұрын (2004) Алматыда Қазақстанда тұңғыш рет Ипотекалық брокерлер мектебі ашылды. Бастамашы әрі ұйымдастырушылары - «БТА-Ипотека» компаниясы мен Коммерциялық жылжымайтын мүлік орталығы (КЖМО). Мектептің басты міндеті - банктер мен риэлторлық компаниялар арасындағы шыңырауды толықтай жабу. Ипотекалық несиелендіру бойынша әрбір банктің жеке өзіндік жағдайлары бар екені жасырын емес. Сондықтан, қолайлы жүйе таңдап алу үшін халыққа қолайлы деп тапқан банктерінің әрқайсысынан жеке-жеке кеңес алуына тура келеді. Енді Ипотекалық брокерлер мектебінің аттестаты негізінде жұмыс істейтін кәсіби делдалдардың қызметіне жүгінсеңіз болды. 1 1 жыл бұрын (2004) Алматыда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінде Бүкіләлемдік философия күніне орайластырылған «ХХІ ғасырдағы философиялық мәдениеттер үн қатысуы» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті. Бұл шарадан басқа көрнекті ғалымдардың, оқытушылардың және студенттердің қатысуымен әдеби-шығармашылық «Даналық көзбен» вернисажы, «Ақыл-ой мен сезімдер өрнегі» мюзикл қойылымдар марафоны, философия бөлімшесінің үздік эмблемасы мен логотипі сайысы, студенттер мен оқытушылар арасындағы КТК бәсекесі және де басқа шаралар ұйымдастырылды. 1 1 жыл бұрын (2004) Қазақстанның Италиядағы Елшісі Италия Президентіне сенім грамоталарын табыс етті. 1 1 жыл бұрын (2004) 18-19 қарашада Минскіде (Беларусь) ТМД елдерінің Орман өнеркәсібі кешені мен орман шаруашылығы жөніндегі Үкіметаралық кеңесінің мәжілісі өтті. Оған Беларусь, Ресей, Украина, Молдова, Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, мен Грузиядан салалық министрліктердің басшылары қатысты. Кеңес мәжілісі барысында Кеңес туралы Ереженің жаңа редакциясы және іс жүзіндегі қимылдар бағдары қаралды. 10 жыл бұрын (2005) Алматыда Қазақ мемлекеттік Қыздар педагагогика институтында жазушы, ғалым Немат Келімбетовтің «Ежелгі дәуір әдебиеті» және «Үміт үзгім келмейді» деген кітаптарының таныстырылымы болды. «Атамұра» баспасынан шыққан кітап қазақ әдебиетінің ежелгі дәуір кезеңі бойынша жоғары оқу орындарының филология факультетінің студенттері үшін оқулыққа жариялаған байқауында І-орынды жеңіп алған Н. Келімбетовтың қолжазбасын «Ежелгі дәуір әдебиеті» деген атпен бастырып шығарғандарын айтып өтті. Кітаптың таралымы 2 мың дана. Кітаптың құндылығы сақтар мен ғұндар дәуірінде өмірге келген қаһармандық дастандардан бастап қазақ хандығы құрылған кезеңге дейінгі ежелгі түркі әдеби жәдігерліктеріне талдау жасалған. Н. Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейді» повесінде ауыр науқасқа шалдығып, жылдар бойы төсек тартып жатқан мүгедек жанның өмірге деген құштарлығы, қайсарлығы сөз болады. Бұл кітап «Раритет» баспасынан 2 мың данамен шықты. 9 жыл бұрын (2006) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасының мүлікті ресмилендіруге байланысты кешірім жасау мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» Заңға қол қойды. 6 жыл бұрын (2009) Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен АҚШ Әділет министрлігінің Федералдық Тергеу Бюросы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Құжат тараптардың қылмыстық құқық саласындағы құқықтық қатынастардың өзекті мәселелерін шешудегі екі жақты ынтымақтастық мүддесін тереңдетуге ықпал етеді, ұйымдасқан қылмыспен және қылмыстық іс-әрекеттерден түскен кірістерді заңдастырумен күрес төңірегінде өзара құқықтық көмек көрсетуді көздейді. Меморандумда прокурорларды дайындау мен олардың кәсіби біліктілігін арттыру саласында жұмыс тәжірибесімен, сондай-ақ ұлттық заңнама, заң шығарушылық қызмет, сот төрелігі, тергеудің озық әдістері бойынша ақпарат алмасу қарастырылған. 5 жыл бұрын (2010) Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастығы туралы деп аталатын келісімшартына қол қойылды. 5 жыл бұрын (2010) Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде этникааралық тақырыпта белсенді қалам тартқан БАҚ редакцияларына гранттар тапсыру рәсімі өтті. Аталған гранттарға «Хабар», «Қазақстан», «Мир» телеарналары, «Казахстанская правда», «Егемен Қазақстан», «Ана тілі», «Қазақ әдебиеті» газеттері, «ҚазАқпарат» ұлттық ақпарат агенттігі және тағы да бірқатар БАҚ ие болды. Сондай-ақ БАҚ өкілдері Қазақстан халқы Ассамблеясының алғыс хаттарымен де марапатталды. Сыйлықтарды табыс ету Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы этникааралық қатынастар мәселелері жөніндегі сарапшылар мен Жетекші журналистер клубының отырысы аясында өтті.
5 жыл бұрын (2010) Қазақстан халқы Ассамблеясы Л. Гумилев атындағы құрмет дипломын тағайындады. Алғашқы диплом Еуразия ұлттық университетіне тапсырылды.
5 жыл бұрын (2010) Қазақстан халқы ассамблеясы Л.Н. Гумилев атындағы құрметті диплом шығарды. Бірінші диплом Еуразиялық ұлттық университетке берілетін болып шешілді.
4 жыл бұрын (2011) ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Ғалымдар одағының президенті, экономика ғылымының докторы, академик Оразалы Сәбденнің 21 томдық «Экономика» таңдамалы жинағы жарыққа шықты. Ол Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орайластырылды.
Жинаққа ғалымның әр жылдары жарық көрген іргелі монографиялары, оқулықтары, мақалалары мен Елбасына, Қазақстан Үкіметіне және Парламентіне жазылған хаттары топтастырылған.
4 жыл бұрын (2011) Мәскеуде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей Президенті Дмитрий Медведев және Беларусь Президенті Александр Лукашенко Еуразиялық экономикалық одақ құруға бағытталған бірқатар құжаттарға қол қойды. Мемлекет басшылары Еуразиялық экономикалық ықпалдастық туралы декларация мен Еуразиялық экономикалық комиссия туралы келісімшартты бекітті. Үш елдің президенттері Жоғары экономикалық кеңестің мүшелері ретінде Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысының Регламенті туралы Шешімге қол қойды. 4 жыл бұрын (2011) Жамбыл облысында өңірдегі «7 кереметті» анықтау бойынша ауқымды халықтық байқау өтті. 2 жыл бұрын (2013) Жаңақалада Тастөбе шайқасының 176 жылдығына орай шаралар өткізілді. Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов бастаған ұлт-азаттық көтерілісі тарихындағы орны ерекше. Азаттық үшін жан алып, жан беріскен айқас Жаңақала ауданы аумағында болғаны белгілі.Осыған орай соңғы жылдары Тастөбе шайқасы болған жер анықталып, аудан орталығында ескерткіш-белгі орнату жұмыстары қолға алынды. Тастөбе шайқасын тәрбие құралына айналдырып, жас ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеу мақсатында Тастөбе ескерткіші маңында әдеби-сазды кеш өткізілген. Мұздай қаруланған солдаттарға арыстанша атылып, жалаң қылышпен қарсы шыққан көріністі жастар көрсете білді. Исатай-Махамбет бастаған көтерілістің шарықтау шегі 1837 жыл екені анық. Исатай батырдың қолы Хан ордасын қоршаған кезде Жәңгір хан одан он күн мұрсат сұрап алады. Соны пайдаланып, Орынбордан әскер шақыртады. Қолын таратып, Исатай бастаған көтерілісшілер өздері Бекетай құмына келіп бекінеді. Орынбордан жеткен, қанқұйлы полковник Гекке бастаған 2 мың жазалаушы, оған қоса хан әскері Тастөбеде 500-дей сарбазбен ғана қалған Исатай-Махамбетпен кездеседі. Бұл ұрыста патша зеңбірегі елеулі рөл ойнайды. Көтерілісшілер қанша батыр болғанымен, зеңбірек дүркін-дүркін атқан «допқа» амал қыла алмайды. Соңғы жылдары тарихшылардың іздестіруімен Тастөбе шайқасына қатысқан 113 сарбаздың есімі анықталды. 2 жыл бұрын (2013) Түркияның Анталия қаласында өткен мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне арналған V Халықаралық білім олимпиадасына қатысқан Ақтау қаласы Н. Марабаев атындағы №7 физика-математикалық лицей оқушылары 50 медальді иеленді. Маңғыстау командасы жалпы есепте алты елден қатысқан 26 команда арасында медальдар саны бойынша, жалпыкомандалық пәндік есеп бойынша бірінші орыннан көрінді. Команда биология, география және математика бойынша бірінші сатыны иеленіп, үш кубок алып келді. Қатысушылар барлығы әр түрлі пәндер бойынша IV орын үшін 21 медаль, 14 қола, 7 күміс және 8 алтын медаль алып келді.
2 1 жыл бұрын (2013) ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Қазақстан мен Венгрия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынаста алғаш рет Будапешке ат басын бұрды. Министр сапарының қорытындысында Қазақстан мен Венгрия арасындағы бірқатар маңызды келісімдерге қол қойылды.
2 жыл бұрын (2013) Қостанайлық ардагер спортшы Александр Чебаный Архангельскте (Ресей) өткен гір көтеру спорты бойынша чемпионатта әлемдік рекорд орнатты.
ЕСІМДЕР
70 жыл бұрын (1945) әнші, Қазақстанның халық әртісі, профессор, Қазақ ұлттық өнері университетінің оқытушысы ҚАЛИЛАМБЕКОВА Қорлан Ықсанқызы дүниеге келді. Қарағанды облысы Балқаш қаласында туған. Қарағанды музыка училищесін, Алматы мемлекеттік консерваториясының вокалдық факультетін бітірген. Еңбек жолын Қазақтың опера және балет театрында әнші болып бастаған. 1972-1999 жылдары - Абай атындағы Қазақтың опера және балет театрының әншісі болған. 1977-1978 жылдары Болгария астанасы Софияның мемлекеттік халықтық опера театрында тағлымдамадан өтіп, әншілік өнерін шыңдаған. 1999 жылдан Күләш Бәйсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының әншісі. Ол негізінен қазақ композиторлары мен шет ел классиктерінің операларында басты арияларды орындады. Е.Рахмадиевтің «Қамар сұлу», «Алпамыс» операларындағы Қамар мен Қаракөздің, Ғ.Жұбанованың «Еңлік - Кебек» операсында Еңліктің, С.Мұхамеджановтың «Ақан сері - Ақтоқты» операсында Ақтоқтының, т.б. бейнелерін сомдады. Ол сондай-ақ шет ел және орыс композиторларының қазақ сахнасында қойылған операларының арияларын орындады. 1975-1980 жылдары Чехославакия, Польша, Румыния, Португалия, Финляндия, Үндістанда өнер көрсетті. Қазіргі уақытта Қазақ ұлттық өнері университетінде сабақ береді. «Құрмет» орденімен, «Астанаға 10 жыл», Ыбырай Алтынсарин атындағы медальдармен марапатталған. 6 6 жыл бұрын (1949) ғалым, филология ғылымының докторы, профессор ТЕБЕГЕНОВ Темірхан Сақаұлы дүниеге келді. Қызылорда облысы Қармақшы ауданында туған. Қызылорда педагогикалық институтын (Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті) бітірген. 1972-1974 жылдары Қармақшы ауданы Қуаңдария кеңшарында №186 орта мектептің, 1974-1981 жылдары Қызылорда қаласының №10 Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектептің мұғалімі, тәрбие жұмыстары жөніндегі меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1981-1991 жылдары - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушысы. 1991-2005 жылдары - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры. Ғалымның өлеңдері, мақалалары республикалық газет-журналдарда, ғылыми жинақтарда жарияланған. Көптеген еңбектері Қытай, Ресей, Татарстан, Түркия, Қарақалпақстан елдерінде жарияланған. 300-ге жуық мақалалардың және 9 кітаптың авторы. 6 4 жыл бұрын (1951) Астана қаласы мәслихатының хатшысы Е СІЛОВ Сансызбай Сейітжанұлы дүниеге келді. Ақмола облысы Астрахан ауданында дүниеге келген, білімі жоғары. 1973 жылы Целиноград теміржол көлігі техникумын, 1979 жылы Целиноград инженерлік-құрылыс институтын, 1988 жылы Алматы Жоғарғы партия мектебін бітірген. Экономика ғылымының кандидаты. Еңбек жолын Қазақ темір жолының Ақмола облысы Жалтыр станциясында монтер, техник, аға мастер, 7-жол дистанциясының инженері қызметінен бастаған. 1975 жылдан бастап Қазақстан КП Астрахан аудандық комитетінің ұйымдастыру бөлімінің инструкторы, Қазақстан КП Теңіз аудандық комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан КП Теңіз аудандық комитетінің хатшысы болып қызмет етті. Қазақстан Компартиясы ОК жанындағы Алматы Жоғарғы партия мектебін бітіргеннен кейін, Қазақстан Компартиясы Целиноград облыстық комитетінің ұйымдастыру-партиялық жұмыстары бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды. 1991 жылдан 1997 жылға дейін Ақмола аумақтық мемлекеттік мүлік комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы, облыстық әкімшілік басшысының орынбасары - Ақмола аумақтық мемлекеттік мүлік комитетінің төрағасы, Ақмола аумақтық мемлекеттік мүлікті және активтерді басқару комитетінің төрағасы. 1997 жылдан 2007 жылға дейін Астана қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. 2007 жылы тамызда ІV шақырылым Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің хатшысы болып сайланды. «Құрмет» ордені /2001/, «ІІ дәрежелі достық» ордені /2008/, «Астана» ескерткіш медалі /1998/, «10 жыл Астана» мерейтойлық медалі /2008/, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі /2011/, ТМД ПАА Кеңесінің құрмет грамотасы /2010/ мемлекеттік наградаларының иегері. 2012 жылдың қаңтарында бесінші шақырылым Астана қаласы мәслихатының депутаты болып сайланды. Бесінші шақырылым Астана қаласы мәслихатының хатшысы.
5 6 жыл бұрын (1959) Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің ректоры БОТАБЕКОВ Әділбек Қожабекұлы дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. 1982 жылы В.В.Куйбышев атындағы Мәскеу инженерлік-құрылыс институтын «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Алматы сәулет-құрылыс институтының оқытушысы қызметінен бастаған. Мәскеудегі В.А.Кучеренко атындағы Құрылыс конструкциялары орталық ғылыми-зерттеу институтының аспиранты. Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының оқытушысы, доценті, профессоры, факультет деканы, проректоры, вице-президенті қызметіне дейін көтерілген. 2008 жылдан бері М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының президент-ректоры қызметін атқарған. Сондай-ақ, ол «Құрмет» орденімен және де білім министрлігі мен Елбасының бірнеше мәрте Құрмет грамоталарымен марапатталған.
5 5 жыл бұрын (1960) депутат,БҚО мәслихатының хатшысы ҚҰЛШАР Мәлік Иманқұлұлы дүниеге келді. Батыс Қазақстан облысында туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған, математик. Еңбек өтілі: Жәнібек ауданы Жәнібек ауылындағы Абай атындағы мектеп-интернатының математика пәнінің мұғалімі (1983); аудандық партия комитетінде нұсқаушы, атқарушы билік органдарында жауапты лауазымды қызметтерде болған. «Балдырған» балалар қорының облыстық филиалының атқарушы директоры; БҚО әкімінің орынбасары, БҚО білім басқарма бастығының орынбасары, БҚО Қазталов ауданының әкімі болған. 2007 жылдан қазіргі қызметте. «Парасат» орденімен марапатталған (2009). 4 7 жыл бұрын (1968) «Өркен қала» ЖШС директоры ЖАЗИН Қаһарман Аманжолұлы дүниеге келді.
Целиноград облысында туған. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған, химик (1992). 1999 жылдан «Қазақстан темір жол» республикалық мемлекеттік кәсіпорны бөлімінің бастығы, «Кедентранссервис» ЖАҚ қаржы басқармасы бастығының орынбасары, «Тараз» ААҚ вице-президенті, ҚР қаржы министрлігінің «қаржылық қарыздармен жұмыс бойынша орталығы» ЖАҚ басқарма төрағасы, «Спецдорстрой» ЖШС коммерциялық директоры, «Стройко» ЖШС атқарушы директоры, «Каzakhastan Engineering» АҚ басқарушы директоры қызметтерін атқарған. 2013-2014 жылдары - Халықаралық «ЕХРО-2017» мамандандырылған көрмесіне әзірлік және өткізу жөніндегі дирекция» ЖШС басшысы. 2014 жылдан - қазіргі қызметінде. 5 2 жыл бұрын (1963) палуан, грек-рим күресінен еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан және Қырғызстан Республикаларының еңбек сіңірген жаттықтырушысы ТҰРЛЫХАНОВ Дәулет Болатұлы дүниеге келді. Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында туған. Туризм және спорт академиясын, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Ол Қазақстанның және халықаралық турнирлердің жеңімпазы, КСРО-ның жеті дүркін чемпионы, КСРО халықтары спартакиадасының күміс жүлдегері, және жеңімпазы, Еуропа чемпионы, Әлем чемпионы және күміс жүлдегері, қола жүлдегері, Әлем кубогының екі мәрте жеңімпазы, 12-ші Азия ойындарының жеңімпазы, Азияның екі дүркін чемпионы, 24-25-ші Олимпиадалық ойындарының күміс, қола жүлдегері болған. 1995-1999 жылдары екі мәрте Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланған. 2000-2006 жылдары Туризм және спорт агенттігінің төрағасы, Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Спорт комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған. Қығызстан олимпиадалық қозғалысын дамытуға сіңірген еңбегі үшін Олимпиадалық орденмен, FILA, ҚР Ұлтық олимпиадалық комитетінің алтын медальдармен, І дәрежелі Ұлы петр орденімен, көптеген медальдармен марапатталған. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері (2000). ШҚО Үржар ауданының құрметті азаматы. 5 1 жыл бұрын (1964) спорт шебері, шабуылшы ТҰРМАҒАМБЕТОВ Тілеухан дүниеге келді. Қызылорда қаласында туған. Қызылорданың «Мелиоратор», «Қайсар», Алматының «Қайрат», Шымкенттің «Жігер», Тараздың «Тараз» футбол командаларында ойнаған. КСРО чемпионатының 2-лигасында 76, Қазақстан чемпионатында 47 доп соққан. 228 жыл бұрын (1786-1826) неміс композиторы, неміс романтикалық операсының негізін қалаушы Карл Мария фон ВЕБЕР дүниеге келді. 8 8 жыл бұрын (1927) кеңестік және ресей кинорежиссері, Ресей халық әртісі Эльдар РЯЗАНОВ дүниеге келді.