73 жыл бұрын (1951) мемлекет және қоғам қайраткері, «Ардагерлер ұйымы» РҚБ елордалық филиалының төрағасы, Астана қаласының құрметті азаматы Сансызбай Сейітжанұлы ЕСІЛОВ дүниеге келді.
Ақмола облысында туған. 1979 жылы Целиноград инженерлік-құрылыс институтын бітірген, инженер-құрылысшы. 1988 жылы Алматы жоғары партия мектебін бітірген, қоғамдық пәндер мұғалімі.
Еңбек жолы:1970-1975 жылдары Астрахан облысы Жалтыр станциясында слесарь, техник, аға жол шебері, 1975-1986 жылдары Астрахан аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, Целиноград облысы Теңіз аудандық партия комитетінің хатшысы, 1988-1991 жылдары Целиноград облыстық партия комитеті бөлім меңгерушісінің орынбасары, 1991-1992 жылдары Ақмола аумақтық мемлекеттік мүлік комитеті төрағасының орынбасары, 1992-1993 жылдары Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі Ақмола аумақтық комитетінің төрағасы, 1993-1995 жылдары Ақмола облыстық әкімшілігі басшысының орынбасары, 1996-1997 жылдары ҚР Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары, 1997 жылы Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысы, 1997-2000 жылдары Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2001-2007 жылдары Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары болды. «Нұр Отан» ХДП партиялық тізімі бойынша IV сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат, 2007-2011 жылдары IV шақырылымдағы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, 2012-2016 жылдары Астана қаласы мәслихатының хатшысы, Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы қызметін атқарды.
«Құрмет», ІІ дәрежелі «Достық», ІІІ дәрежелі «Барыс», медальдармен марапатталған.
62 жыл бұрын (1962) Маңғыстау облысы ветеринария басқармасының бастығы Шамғали Смитұлы ХАМИЕВ дүниеге келді.
Маңғыстау облысы Форт-Шевченко қаласында туған. Алматы зооветеринарлық институтын мал дәрігері мамандығы бойынша бітірген (1984).
Еңбек жолы: «Түпқараған» кеңшарында мал дәрігері (1984-1985); құс фабрикасының өндірістік цехының оператор-жөндеушісі (1985-1986); Маңғышлақ мемлекеттік аймақтық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясының жем өндірісі бөлімінің кіші ғылыми қызметкері, Маңғышлақ мемлекеттік аймақтық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясының агрономы, Маңғышлақ мемлекеттік аймақтық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясының мал дәрігері (1986-1989); Маңғышлақ мемлекеттік аймақтық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясының кіші ғылыми қызметкері (1989-1991); ауыл шаруашылығы қызметкерлері кәсіподағының Маңғыстау облыстық комитетінің нұсқаушысы (1991-1991); Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы қызметкерлері кәсіподағы Орталық Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша техникалық инспекторы (1991-1992); «Маңғыстау» агроөнеркәсіптік құрылыс қызметкерлерінің біріккен кәсіподақ комитетінің төрағасы (1992-1994); Ақтау автобазасының бастығы (1994-1997); мал дәрігері (2000-2001); Маңғыстау облыстық ветеринариялық зертханасының бактериолог-ветеринар дәрігері (2001); «Монтажқұрылыссервис» ЖШС инженері (2002-2005); Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Мұнайлы аудандық аумақтық инспекциясы бастығының орынбасары (2007); Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Мұнайлы аудандық аумақтық инспекциясы бастығы орынбасарының міндетін атқарушы (2008); Маңғыстау облысы ауыл шаруашылығы басқармасының мал шаруашылығы бөлімінің басшысы (2008-2010); Маңғыстау облысы ауыл шаруашылығы басқармасының ветеринария бөлімінің басшысы (2010-2013); Мұнайлы аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі басшысының міндетін атқарушы, Мұнайлы аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің бастығы (2013-2015); Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы басшысының орынбасары (2015).
59 жыл бұрын (1965) Республикалық кәсіби әскериленген апаттық-құтқару қызметі орталық штабының бас директоры Владимир Робертович БЕККЕР дүниеге келді.
Ол ШҚО Үржар ауданы Благодатное ауылында туған. 1997 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы жоғары техникалық училищесін «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша аяқтады. 2005 жылы Шығыс Қазақстан өңірлік университетін «Заңтану» мамандығы бойынша аяқтады. 1983 -1985 жылдары КСРО Қарулы Күштерінде қызмет өткерді. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында 1986 жылғы қазаннан бастап қызмет етті. 1988-1991 жыл аралығында мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында орта және аға басшылық құрамда, 1991-2008 жылдары басшылық лауазымдарды атқарды. 2008 жылғы қазаннан бастап ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары. 2014 жылғы қазаннан бастап ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары. 2016-2020 жылдары ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы.
2022 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі қызметінде.
ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен, І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызмет үшін», «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін», «Төтенше жағдайлар органдарының ардагері» медальдарымен, «Төтенше жағдайлар органдарының құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.
40 жыл бұрын (1984) Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған сотының төрағасы Нұржан Әлібекұлы ОМАРОВ дүниеге келді.
Ақмола облысында туған. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін бітірген (2007).
Еңбек жолы: «Павлодар облысы бойынша Соттар әкімшісі» ММ Ақсу аумақтық бөлімінің сот приставы (2008 ж.); «Павлодар облысы бойынша Соттар әкімшісі» ММ Павлодар аумақтық бөлімінің сот приставы (2008); Ақмола облыстық сотының жетекші маманы (2009); Павлодар облыстық сотының жетекші маманы (2009 – 2010); Павлодар облыстық сотының бас маманы (2010 – 2011); «Павлодар облыстық сотының кеңсесі» ММ бақылау және құжат айналымы бөлімі бас маман – сот отырысының хатшысы (2011 – 2013); «Павлодар облыстық сотының кеңсесі» ММ Успен аудандық сотының кеңсе меңгерушісі (2013 – 2014); «Павлодар облыстық сотының кеңсесі» ММ Бақылау және құжат айналымы бөлімі бас маман – сот отырысының хатшысы (2014 ж.); Павлодар облысы Екібастұз қалалық сотының судьясы (2014 - 2021).
2021 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі қызметінде.