18 қарашада елдің бірнеше өңірінде қар жауып, екпіні күшті жел соғады

АСТАНА. KAZINFORM — 18 қарашада Қазақстанның бірнеше өңірінде қар, жаңбыр жауып, көктайғақ болады, тұман түсіп, бұрқасын мен екпіні күшті жел соғады.

Фото: Kazinform/ЖИ

Павлодар облысында түнде және таңертең батысында, шығысында және орталығында, сондай-ақ Павлодар қаласында тұман түседі.

Алматы облысында түнде және таңертең оңтүстігі мен таулы аудандарында тұман болады. Шығыс және оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні шығысы мен таулы аудандарында 15–20 м/с, шығысында кей уақытта 25 м/с-қа жетеді. Солтүстігі мен шығысында өрт қаупі жоғары.

Алматыда түнде және таңертең тұман түседі. Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында да тұман болып, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні кей уақытта 15–20 м/с-қа жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде батысы мен оңтүстігінде қар жауып, бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Күндіз батысы мен оңтүстігінде жаңбыр мен қар жауып, солтүстігінде аздаған жауын-шашын түседі. Батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең батысында тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде 15–20 м/с, күндіз батысы мен оңтүстігінде кей уақытта 23–28 м/с болады. Петропавлда күндіз аздаған жауын-шашын түсіп, бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Жел екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

Абай облысында түнде және таңертең солтүстігі мен оңтүстік-шығысында тұман түседі. Шығыс және оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні оңтүстік-батысы мен орталығында 15–20 м/с болады.

Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында, сондай-ақ Өскемен қаласында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан және шығыстан соғатын желдің екпіні оңтүстік-шығысы мен оңтүстігінде 15–20 м/с болады.

Ақмола облысында түнде батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде қар жауып, көктайғақ болады. Күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады. Түнде және таңертең аталған аудандарда тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, таңертең және күндіз батысы мен солтүстігінде екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

Маңғыстау облысында түнде және таңертең солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні батысы мен орталығында 15–20 м/с болады. Ақтауда да оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

Түркістан облысында батысы, оңтүстігі, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жаңбыр жауып, тұман түседі. Оңтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысып, таулы асуларда екпіні 15–20 м/с болады. Түркістанда түнде және таңертең тұман түседі.

Шымкентте түнде және таңертең тұман болады.

Қызылорда облысында түнде оңтүстігі мен шығысында негізінен жаңбыр түрінде аздаған жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады. Түнде және таңертең солтүстігі, оңтүстігі мен орталығында тұман түседі. Оңтүстік-батысы мен солтүстігінде өрт қаупі жоғары. Қызылордада да түнде және таңертең тұман болады.

Батыс Қазақстан облысында түнде солтүстігі мен шығысында жаңбыр мен қар аралас аздаған жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады. Түнде және таңертең батысы, солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан және оңтүстіктен соғатын желдің екпіні күндіз батысы мен солтүстігінде 15–20 м/с-қа жетеді. Оралда түнде және таңертең тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады.

Қостанай облысында түнде батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде қар жауып, көктайғақ болады. Күндіз батысы, солтүстігі мен шығысында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түседі. Түнде және таңертең аталған аудандарда тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз батысы, солтүстігі мен шығысында 15–20 м/с болады. Қостанайда түнде қар жауып, көктайғақ болса, күндіз жаңбыр аралас қар жауып, жел екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

Ұлытау облысында түнде және таңертең орталығында жаңбыр мен қар аралас аздаған жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады. Батысы, солтүстігі мен орталығында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан және оңтүстіктен соғатын желдің екпіні солтүстігінде 15–18 м/с болады. Жезқазғанда түнде және таңертең аздаған жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады.

Қарағанды облысында түнде және таңертең батысы, шығысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, батысында екпіні 15–18 м/с болады.

Атырау облысында түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман түседі.

Жамбыл облысында солтүстігі, оңтүстігі мен таулы аудандарында тұман болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің таулы аудандардағы екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

Ақтөбе облысында түнде шығысында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады. Түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында, сондай-ақ Ақтөбе қаласында тұман түседі.

Жетісу облысында Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с, кей уақытта 23–28 м/с, түнде 30 м/с және одан да жоғары болады. Түнде және таңертең таулы аудандарында тұман түседі. 18–20 қараша аралығында облыстың оңтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары.