18 қарашада еліміздің 5 қаласында ауаның ластануы ықтимал

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 18 қараша күні Қазақстанның 5 қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК-ның хабарлауынша, Ақтөбе, Атырау, Талдықорған, Орал және Шымкентте ауаның ластануы күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.