18 қарашада елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 18 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласында өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

10.00-де ҚР Парламенті Сенатының отырысы басталады. Отырыс www.senate.parlam.kz сайтында онлайн режимде көрсетіледі.

10.30-да «Нұрлы жол» теміржол вокзалында «Орал локомотивтері» зауытында құрастырылған 2ЭС7 «Қара гранит» сериялы жаңа электровоздардың салтанатты іске қосылуы өтеді.

11.00-де EXPO халықаралық көрме аумағында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қолдауымен Қазавтожол-Kaztraffic 2021 XVII халықаралық көрмесі басталады.

12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Мемлекет басшысының Жолдауы аясында Қызылорда облысының дамуы туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz , https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz .

13.00-де ZOOM платформасында «Pfaizer вакцинасымен балаларды, жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді вакцинациялау туралы не білу керек?» атты №34 дәрісхана өтеді. Шақырылған спикер: медицина ғылымдарының кандидаты, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева.

15.00-де ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ҚР Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтеді.

16.00-де ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында «Тұлғаның тылсым сыры» қор көрмесі ашылады.

16.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Астана клубтың» VI отырысының қорытындылары» айтылады. Спикерлер: Нұрсұлтан Назарбаев қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының директоры Ержан Салтыбаев, Нұрсұлтан Назарбаев қорының халықаралық бағдарламалар орталығының жетекшісі Қайрат Әбусейітов, Атлант кеңесінің аға ғылыми қызметкері, Энергетика және қауіпсіздік бағдарламасының директоры (ITIC) Ариэль Коэн. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz , https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz .