18 қазан. Kazinform күнтізбесі. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 18 қазан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

Коллаж: Kazinform

Замир САҒЫНОВ, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты

Фото: wikipedia.org

1966 жылы Орал облысының Фурманов ауданында туған. Өскемен құрылыс-жол институтын бітірген, құрылыс инженері (1990).

Еңбек жолы: Батыс Қазақстан облысы, Фурманов аудандық жол басқармасының бригадирі (1991-1994); Батыс Қазақстан облысы, Жалпақтал өндірістік-жол учаскесінің бас инженері (1994-1997); Орал қаласы, «Оралавтодор» Орал мемлекеттік кәсіпорнының бас маманы (1997-1998); Орал қаласы, «Оралавтодор» мемлекеттік кәсіпорнының жол пайдалану жөніндегі директорының орынбасарының міндетін атқарушы (1998-1999); Орал қаласы, «Қазақавтодор» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Батыс Қазақстан облыстық филиалының бас инженері (1999-2000); Орал қаласы, Батыс Қазақстан автомобиль жолдары институтының директоры (2000-2001); Орал қаласы, Батыс Қазақстан автомобиль жолдары аймақтық департаментінің бастығы (2001-2002); Батыс Қазақстан облысы, Қазталов ауданының әкімі (2002-2004); Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің «Қазақавтодор» РМҚК бас директорының орынбасары (2005-2006); Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Көлік инфрақұрылымын дамыту комитеті төрағасының бірінші орынбасары (2006); Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Көлік инфрақұрылымын дамыту комитеті төрағасының орынбасары (2006-2007); Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің төрағасы (2007); Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы (12.2007-2014); Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің жауапты хатшысы (2014); Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі (09.2014-08.2015); Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы (2015 жылдың тамызы — 2019 жылдың сәуірі); Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын — Жол активтерінің сапасы жөніндегі ұлттық орталықтың бас директоры (2019–2024); «Астана Тазалық» ЖШС бас директоры (2024–2026).

Қазіргі қызметін 2026 жылдың тамыз айынан бері атқарып келеді.

Эдуард ОГАЙ, «Kazakhmys Holding» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы, «Kazakhmys Copper» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы

Фото: kazakhmys.kz

1969 жылы туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін бітірген.

Еңбек жолы: кәсіпкер (1992-1996); «Қазресурстар» АҚ президенті (1996-1997); «Петроказ» ЖШС директоры (1997-2001); «Қазақмыс корпорациясы» АҚ атқарушы директоры (03.2001-02.2005); Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары (02.2005-01.2006); «Kazakhmys Pls» корпоративтік даму директоры (2006); «Қазақмыс» хоккей клубының президенті (2006), Kazakhmys PLC директорлар кеңесінің мүшесі (2011-2014); «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы, мүшесі (2006-2016); Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің штаттан тыс кеңесшісі (2009); «Kazakhmys Holding» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы (2014 жылдың қарашасы — 2019 жылдың тамызы); «Kazakhmys Copper» АҚ бас директоры (2019 жылдың тамызы — 2020 жылдың маусымы); «Kazakhmys Copper» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы (2020 жылдың маусымынан бастап).

«Құрмет» (2010), ІІІ дәрежелі «Барыс» (2021) ордендерімен марапатталған.

Ерғалым НҰРСӘЛІМҰЛЫ, ҚР СІМ Азия-Тынық мұхит өңірі департаментінің директоры

Фото: Instagram / kazakhdiplomats

1976 жылы Жамбыл облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген (1998).

Еңбек жолы: Иточу корпорациясының Қазақстандағы өкілдігінің менеджері (1999-2004); Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Азия және Африка департаментінің екінші хатшысы (2004-2005); Жапониядағы Қазақстан Республикасы елшілігінің үшінші, екінші, бірінші хатшысы (2005-2008); Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Азия және Африка департаментінің кеңесшісі (2008-2009); «Сэнко» компаниясының Қазақстандағы өкілдігінің басшысы (2009-2014); «Сэнко-Ланкастер Силк Роуд Логистикс» бірлескен кәсіпорнының бас директоры (2014-2016); Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Азия және Африка департаментінің кеңесшісі (2016-2017); Жапониядағы Қазақстан Республикасы елшілігінің кеңесшісі, кеңесші-елші (2017-2021); Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті төрағасының орынбасары (2021 жылдың қыркүйегі — 2023 жылдың маусымы).

Қазіргі лауазымын 2023 жылдың маусым айынан бері атқарып келеді.

Наталья ДЕМЕНТЬЕВА, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі

Фото: Ағибай Аяпбергенов / Kazinform

1980 жылы Көкшетау қаласында туған. Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі (2002); А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін педагогика және психология магистрі мамандығы бойынша бітірген (2010).

Еңбек жолы: Көкшетау гуманитарлық-техникалық лицей-мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі (2002-2009); Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау «Арна» колледжінде әдістемелік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары (2009-2010); Көкшетау гуманитарлық-техникалық лицей-мектебінде тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары (2010-2016); «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Ақмола облыстық филиалының редакторы, тележүргізушісі (2008-2016); Көкшетау гуманитарлық-техникалық лицей-мектебінің директоры (2016-2021); Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі (2021-2023); Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық Құрылтайдың мүшесі (2023-2026).

Қазіргі қызметін атқаруға 2026 жылдың қыркүйегінде кіріскен.

«Құрмет» орденімен (2020); «Ерен еңбегі үшін» (2012), «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» (2020) медальдарымен; «Мейірім» төсбелгісімен (2020) марапатталған.