18 қазан күні Астанада өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы
АСТАНА. KAZINFORM – Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 18 қазанда болатын маңызды іс-шаралар аңдатпасын ұсынады.
АСТАНА
8.00-де «BREAST CANCER MEETING 2024» онколог-маммологтардың ғылыми-практикалық халықаралық конференциясы өтеді. Өтетін орны: Хусейн Бен Талал көшесі, 25, «Wyndham Garden Astana» қонақ үйі.
9.00-де Тәуелсіздік сарайында CONNECTED-2024 халықаралық конференциясы өтеді. Конференцияның мақсаты – болашақ бейнесін мәдениет пен философияның, технологиялардың және инновацияның, табиғатпен өзара әрекеттесудің дүниетанымдық көзқарасы арқылы түсіну.
9.30-да Қазақстан Қорғаныс ұлттық университетінде «Р.Қошқарбаев. Рейхстагтағы ту» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтеді.
10.00-де Халық Қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай Халық қаһарманы ескерткішіне салтанатты түрде гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді (Р.Қошқарбаев пен Б.Момышұлы даңғылдарының қиылысы).
10.00-де «Қазақстандағы және елдің солтүстік өңірлеріндегі демографиялық трендтер: қазіргі заманғы сын-тегеуріндер мен даму перспективалары» атты халықаралық конференция өтеді. Өтетін орны: С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті бас ғимараты.
11:00-де Астана қ., М.Әуезов көшесі 8, «Азия» бизнес орталығының 7-ші қабатында Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы Республикалық әйелдер кеңесінің жиыны өтеді.
11.30-да Онкологиялық ауруларды емдеуге арналған озық технология – тераностика технологиясын ҚР ПІБ Медорталық ауруханасында тәжірибе жүзінде енгізуге және оның даму барысына арналған баспасөз конференциясы өтеді. Өтетін орны: Е 495 көшесі, ҚР ПІБ МО ауруханасы, С3 блок, Ядролық медицина орталығының мәжіліс залы.
14.00-де АХҚО ғимаратында «Мемлекет басшысының экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы Жарлығы: процесс басталды ма?» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.