18 қазан күні Қазақстанда Рухани келісім күні атап өтіледі

None
АСТАНА. 18 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Рухани келісім күні.

1992 жылы қазанда Қазақстанның сол кездегі астанасы Алматы қаласында Рухани келісімнің І әлемдік конгресі өтті. Конгреске қатысушылар 18 қазанды Рухани келісім күні - қақтығыстар мен жанжалдарға тоқтам салу күні, татулық іздеу күні, жақынға қайырымдылық және көмек күні  деп жариялау туралы манифест қабылдады.  1992 жылдан бастап бұл күн Қазақстанда атаулы күн ретінде атап өтіледі.