51 жыл бұрын (1972) Шығыс аймақтық әскери прокуроры Арман Тілеуберліұлы ШИТЕНОВ дүниеге келген.
Қарағанды облысында туған. Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.
Еңбек жолы: 2000 жылы Қарағанды облысы Теміртау қаласы прокурорының көмекшісі, 2015-2018 жылдары Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданы прокурорының аға көмекшісі, Орталық өңірдің әскери прокуроры, Ақтөбе гарнизоны әскери прокурорының орынбасары, Павлодар гарнизонының әскери прокуроры қызметтерін атқарды.
2018 жылдың маусым айынан бастап қазіргі қызметінде.
45 жыл бұрын (1978) ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Ерікқызы САҒЫНДЫҚОВА дүниеге келді.
Ақмола облысында туған. С. Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.
Еңбек жолын 2001 жылы ҚР ЕХӘҚМ Әлеуметтік қамсыздандыру басқармасы жетекші маманының м.а. болып бастады. 2001-2005 жылдары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құрылымында жұмыс істеді. 2005-2018 жылдары «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ басшылық қызметтерін атқарды. 2018-2020 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі инспекторының м.а., инспекторы - Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия хатшылығының меңгерушісі. 2020-2022 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі секторының меңгерушісі - Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия хатшылығының меңгерушісі болды.
2022 жылғы 14 маусымда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды.
43 жыл бұрын (1980) ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылымының депутаты, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі Наталья Григорьевна ДЕМЕНТЬЕВА дүниеге келді.
Ақмола облысының Көкшетау қаласында туған. 2002 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша, 2010 жылы А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін Педагогика және психология магистрі мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2002 жылы «Көкшетау гуманитарлық-техникалық лицей-мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастады. 2009-2010 жылдары Абай Мырзахметов атындағы «Арна» Көкшетау колледжінде директордың әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары, 2010-2016 жылдары «Көкшетау гуманитарлық-техникалық лицей-мектебі» КММ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары», 2008-2016 жылдары «Қазақстан» телеарнасында редактор, тележүргізуші (қоса атқарушы) болды. 2016-2021 жылдары – «Көкшетау гуманитарлық-техникалық лицей-мектеп» КММ директоры. 2021 жылы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.
2023 жылғы 28 наурыздан бастап – «АМАНАТ» партиясы» ҚБ атынан сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.
42 жыл бұрын (1981) «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ басқарма төрағасы Ғалым Полатұлы ҚҰРМАН дүниеге келді.
Түркістан облысында туған. 2002 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін қаржы және несие мамандығы бойынша, 2005 жылы Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 2003-2005 жылдары ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Ақпараттандыру және инновациялар саласындағы шығыстарды жоспарлау департаменті Ақпараттандыру және инновациялар саласындағы бюджеттік бағдарламалар басқармасында бөлім жетекшісі, бас маман, 2005-2011 жылдары республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің жиынтық-талдау департаменті мониторинг және ақпараттық қамтамасыз ету секторының консультанты, бас сарапшысы, 2011-2018 жылдары Астана қаласы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі, 2018-2019 жылдары Түркістан облысы Жетісай ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2019 жылы Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі, 2019-2020 жылдары «Нұр Отан» партиясы Орталық аппараты басшысының орынбасары, «Unipak» ЖШС қаржылық кеңесшісі болды. 2021-2022 жылдары «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы.
2022 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі қызметінде.
«ҚР тәуелсіздігіне 25 жыл» медалімен, ІІІ дәрежелі «Қаржы сақшысы» төсбелгісімен марапатталған.
54 жыл бұрын (1969) «Kazakhmys Copper» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Эдуард Викторович ОГАЙ дүниеге келді.
Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін бітірген.
Еңбек жолын 1992-1996 жылдары кәсіпкерліктен бастады. 1996-1997 жылдары «Қазресурс» АҚ президенті, 1997-2001 жылдары «Петроказ» ЖШС директоры, 2001-2005 жылдары «Қазақмыс» корпорациясы» АҚ атқарушы директоры, 2005-2006 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, 2006 жылы «Kazakhmys Pls» корпоративтік даму жөніндегі директоры, «Қазақмыс» хоккей клубының президенті қызметін атқарды. 2011-2014 жылдары «Kazakhmys PLC» директорлар кеңесінің мүшесі, 2006-2016 жылдары «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы, директорлар кеңесінің мүшесі, 2014-2019 жылдары «Қазақмыс Холдинг» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы, 2019-2020 жылдары «Kazakhmys Copper» АҚ бірінші басшысы болды.
2020 жылы «Kazakhmys Copper» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы қызметіне тағайындалды.
«Құрмет» орденінің, ІІІ дәрежелі «Барыс» ордендерінің иегері.