18 қазанда LRT жолының кейбір бөлігіне электр қуаты беріле бастайды
АСТАНА. KAZINFORM — 18 қазан күні сағат 10:00–ден бастап № 109–№ 111 станциялар аралығындағы учаскеде LRT электрмен жабдықтау жүйесінің жабдықтарына тұрақты кернеу беріледі, деп хабарлайды City Transportation Systems.
Көлік компаниясының мәліметінше, максималды кернеу деңгейі — 20 000 В (жоғары кернеу).
— Құрылыспен айналысатын ұйымдар мен тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамыз. Рельстерге, кабель желілеріне және құрал жабдықтарға жақындамаңыз. Рұқсатсыз станция аумағына және жол аймағына кірмеңіз, — делінген хабарламада.
Сонымен қатар 18 қазан сағат 00:00-ден 19 қазан сағат 06.00-ге дейін мамандандырылған техникамен LRT көтеру-монтаждау жұмыстарын жүргізуге байланысты Ш. Қалдаяқов көшесі мен Тәуелсіздік даңғылы қиылыстарында көліктердің қозғалысы уақытша шектеледі.
— Келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз. Тұрғындар мен жол қозғалысына қатысушылардан уақытша шектеулерді ескеруді және сапарларды алдын ала жоспарлауды сұраймыз, — деп ескертті мекеме.
Айта кетейік, Астанада LRT сынақ режимінде пайдаланыла басталды.
Бұдан бұрын елордаға LRT-ның тағы екі жылжымалы құрамы жеткізілгенін жазған едік.