18 қазан, бейсенбі күні ел аумағында телерадио хабарларын тарату бірнеше сағатқа тоқтатылады. Бұл туралы «Қазтелерадио» АҚ баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазтелерадио» ұлттық жерсеріктік, эфирлік цифрлық және аналогты телерадио хабар тарату жабдықтарына, сондай-ақ, дерек жіберу желілеріне IV тоқсанның жоспарлы профилактикалық жұмыстарын жүргізеді.
«Жұмыс 18 қазан күні Астана уақытымен сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін жүргізіледі. Уақытша қолайсыздық үшін кешірім өтінеміз», — делінеді ведомство хабарламасында.
Думан Арғынгелді
2008 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. «Қазақстан» ұлттық арнасының Алматы қалалық филиалында, «Аягөз жаңалықтары», «Алматы ақшамы» газеттерінде қызмет атқарды. Мақалалары республикалық, облыстық, аудандық газет беттерінде жарияланды. 2021 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.