18 қыркүйек. Kazinform күнтізбесі. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 18 қыркүйек күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады

Фото: Kazinform/Midjourney

Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ, ҚР Ұлттық музейінің директоры

Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

1971 жылғы 18 қыркүйекте Қарағанды облысы Жезқазған кентінде дүниеге келген. 1988 жылы Тараз қаласындағы №45 гимназияны бітірген. 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Тарих» мамандығы бойынша тәмәмдаған. Саясаттану ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолы: 1994-1995 жылдары – ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) ғылыми қызметкері, 1995-1997 жылдар – ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, директордың орынбасары. 1997-1999 жылдарда ҚР Баспа және бұқаралық ақпарат ісі жөніндегі ұлттық агенттігінде, ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде қызмет атқарды. 1999-2001 жылдары ҚР Президент Әкімшілігінде жұмыс істеді. 2001-2002 жылдары – Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімінің орынбасары. 2002-2005 жылдары «Ақ жол» ҚДП Ұлттық зерттеулер институтының директоры, «Саяси ағарту қоры» ҚҚ президенті. 2005-2006 жылдары – «Атамекен» кәсіпкерлер мен жұмыс берушілердің жалпыұлттық одағында кеңесші, «Атамекен» ұлттық даму орталығы» ЖШС директоры. 2007-2008 жылдары – ҚР Президент Әкімшілігінде бас инспектор, Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 2008-2010 жылдары – «Мемлекеттік тілді дамыту қоры» ҚҚ директоры. 2010 жылғы қаңтар мен 2012 жылғы қаңтар аралығында – Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімі, Жезқазған қаласының әкімі. 2012 жылы – 1-ші Вице-Премьердің кеңесшісі. 2012 жылғы мамыр мен 2013 жылғы наурыз аралығында – Қостанай облысы Арқалық қаласының әкімі. 2013 жылы – Қарағанды облысы әкімінің орынбасары. 2016-2017 жылдары – ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының кеңесшісі, бас ғылыми қызметкер, ҚР Қарулы Күштері Әскери-тарихи мұражайының бас ғылыми қызметкері, ҚР Қорғаныс министрлігі. 2017 жылғы мамыр мен 2019 жылғы мамыр аралығында – ҚР Ұлттық мұражайының «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі, 2019 жылғы мамыр мен қазан аралығында – ҚР Мәдениет және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі, ҚР Ұлттық мұрағатының «Архив-2025» ғылыми-әдістемелік орталығының жетекшісі. 2019 жылғы қазан мен 2021 жылғы қаңтар – Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімі болды. 2021 жылдан Парламент Мәжілісінің депутаты.

Қазіргі қызметін 2024 жылғы қазан айынан бастап атқарып келеді.

2017 жылы «Өңірлік және муниципиалдық менеджмент» мамандығы бойынша MBA дәрежесін РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясында (Мәскеу қ.) қорғады. 10 кітаптың және қазақстандық және шетелдік ғылыми басылымдардағы 100-ден астам ғылыми жарияланымдардың авторы. «10 жыл Астана» (2008 ж.), «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011 ж.), «20 жыл Астана» (2008 ж.), «Құрмет» орденімен (2017 ж.) марапатталған. Төсбелгілер – ҚР БҒМ «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» (2016 ж.), ҚР МСМ «Мәдениет саласының үздігі» (2019 ж.).

Отбасылы, үш баласы бар.

Ерлан ӘБІЛ, «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» КЕАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы

Фото: Мемлекеттік басқару академиясы

1973 жылы Жезқазған қаласында дүниеге келген. 1995 жылы Жезқазған тау-кен технологиялық институтын тәмамдаған.

Еңбек жолын 1995-1996 жылдары Жезқазған тау-кен технологиялық институтының «Экономика және кәсіпорындағы басқару» кафедрасының ассистенті болып бастады. 1996-1997 жж. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің тағылымгер-зерттеушісі болды. 1997-1999 жылдары Жезқазған университетінің «Бизнес және кәсіпорындағы менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы, 1999-2002 жылдары Жезқазған университетінің «Бизнес және кәсіпорындағы менеджмент» кафедрасы меңгерушісінің орынбасары болып тағайындалды. 2002 жылы Жезқазған университетінің «Бизнес және кәсіпорындағы менеджмент» кафедрасының доценті болды. 2002-2006 жылдары Жезқазған университетінің «Бизнес және кәсіпорындағы менеджмент» кафедрасының меңгерушісі, 2006 жылы Жезқазған университетінің «Экономика және құқық» институтының директоры қызметін атқарды. 2006-2009 жылдары ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Мемлекеттік және жергілікті басқару институтының «Экономика және қаржы» кафедрасының доценті болды. 2009 жылы ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Мемлекеттік және жергілікті басқару институты директорының орынбасары қызметіне тағайындалды. 2009-2012 жылдары ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Мемлекеттік және жергілікті басқару институтының «Экономика және қаржы» кафедрасының доценті болды. 2012-2013 жылдары ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Басқару институтының «Экономиканы мемлекеттік реттеу» кафедрасы меңгерушісінің міндетін атқарушы; 2013-2016 жылдары ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Басқару институтының «Экономиканы басқару» кафедрасының меңгерушісі міндетін атқарушы болды. 2016-2017 жылдары ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Басқару институтының директоры міндетін атқарушы, 2017-2019 жылдары ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Басқару институтының директоры қызметіне тағайындалды. 2019-2025 жылдары ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры болды.

Қазіргі қызметін 2025 жылғы маусымнан бастап атқарып келеді.

Ержан СЕЙТЕНОВ, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары

Фото: Gov.kz

1974 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. 1995 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «Құқықтану», 1997 жылы «Қаржы», 2005 жылы «Құқықтану магистрі» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1990-2000 жылдары Жаңақорған ЖБК-11 мекемесінде 1-разрядты жұмысшы болып бастаған. 2000-2002 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ заң факультетінде оқытушы, декан орынбасары болды. 2002-2004 жылдары «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» ЖАҚ бас менеджер, басқарма басшысы қызметін атқарды. 2004 жылы Ұлттық зияткерлік меншік институтында тауар белгілері мен өнеркәсіптік үлгілер сараптамасы қызметінің басшысы, басшы орынбасары болып еңбек етті. 2004-2005 жылдары «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ арнайы бағдарламаларды іске асыру басқармасы басшысының орынбасары болды. 2005-2008 жылдары «Алматыны дамыту корпорациясы», «Тәртіп финанс» және «Біріккен ипотекалық компания» АҚ-ларында басшылық қызметтер атқарды. 2008-2011 жылдары «Алматы пәтер қызметі» КМК бастығының орынбасары; 2011-2012 жылдары «Қазақстан-Жібек жолы» ЖШС вице-президенті; 2012-2013 жылдары «Қазақстанның ипотекалық тұрғын үй компаниясы» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры болды. 2015-2016 жылдары «Алматы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰҚ АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі; 2016-2019 жылдары Алматы қаласы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы; 2019-2020 жылдары Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасының басшысы; 2020-2021 жылдары Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасының басшысы;

2021-2023 жылдары Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі қызметтерін атқарды. 2023-2025 жылдары Шымкент қаласы әкімінің аппарат басшысы болды.

Қазіргі қызметін 2025 жылғы тамыздан бері атқарып келеді.

Иран ШАРХАН, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі

Фото: ҚР Үкіметі

1987 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. 2009 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Құқықтану», 2012 жылы Қазақ экономикасы, қаржы және халықаралық сауда университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2008-2009 жылдары «Иран» ЖШС маркетинг жөніндегі бас маманы ретінде бастаған. 2009-2012 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Әкімшілік-құқық департаменті Мемлекеттік сатып алу басқармасының сарапшысы; 2012-2013 жылдары аталған басқарманың бірінші санатты сарапшысы, бас сарапшысы болды. 2013-2014 жж. ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы, 2014-2016 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары, 2016-2019 жылдары ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Әкімшілік жұмыс департаментінің директоры қызметін атқарды. 2019-2020 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігінің «Дипломатиялық сервисі» ШЖҚ РМК директоры, 2020-2021 жылдары Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы, 2021 жылдың қыркүйегінен 2022 жылдың қыркүйегіне дейін ҚПИ бойынша жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры, 2022-2023 жылдары ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болды.

Қазіргі қызметін 2023 жылғы қазаннан бері атқарып келеді.

Шахмұрат МҮТӘЛІП, Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице-президенті, Қазақстан бокс федерациясының президенті 

Фото: ҚБФ

1990 жылы Алматы облысы Іле ауданында дүниеге келген. 2012 жылы «Тұран» университетін «Экономика» және «Аймақтану» мамандықтары бойынша, 2014 жылы «Экономика» мамандығы бойынша бітірген. Малайзияның Куала-Лумпур қаласындағы Asian Pacific University (APU) университетінде білім алып, экономика ғылымдарының магистрі дәрежесін алған.

Еңбек жолы: 2008-2015 жылдары «БЕНТ» АҚ Шпал өндірісінің слесары, экономист, бухгалтер, қаржы директоры, Вице-Президенті, бірінші Вице-Президенті қызметтерін атқарған.

2016-2017 жылдары «Қазсельмаш концерні» ЖШС Директорлар кеңесі төрағасының кеңесшісі, 2017-2020 жылдары «IST Group» ЖШС тәуелсіз директоры болды.

2020-2021 жылдары «Integra Construction KZ» ЖШС бас директоры, 2021-2024 жылдары «Integra Construction KZ» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды.

2024 жылғы ақпан айынан бері Қазақстан бокс федерациясының президенті, 2025 жылғы сәуір айынан бері Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице-президенті қызметін атқарып келеді.