18 қыркүйек күні елордада өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы
20:32, 17 Қыркүйек 2023
«ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 18 қыркүйек күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
11.00-де ҚР Ішкі істер министрлігі онлайн көрсетілім форматында «Integrity check: полиция қызметкерлерін тексеру қалай жүзеге асырылады?» атты брифинг өткізеді. Спикер: ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінің басқарма бастығы Әділғожа Құсайынов.
15.00-де Астана қаласы Коммуникациялар қызметінде «Елордада олимпиадалық емес спорт түрлерін дамыту туралы» онлайн брифинг өтеді. Астана қаласы әкімдігінің «Спортты олимпиадалық емес түрлері бойынша дамыту дирекциясы» КММ басшысы Дастан Алдашов. Онлайн баспасөз конференциясы Астана қаласы коммуникациялар қызметінің Facеbook-тегі facebook.com/rsk.astana01 ресми парақшасында тікелей эфирде өтеді.
19.00-де Жастар театрында «Қос мұңлық» драмасы қойылады.