Алматы облысының Жалаңашкөл маңында жел соғады, күші 17-22 м/с. Павлодар облысында, күндіз Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Жамбыл, Қызылорда, таңертең және күндіз Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 3 градусқа дейін үсік жүреді. Қызылорда облысында, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.