18 қыркүйекте өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 18 қыркүйек күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

АСТАНА


7:00-де елорда маңындағы Қаражар ауылынан еліміздің әр өңірінен жиналған 20 команда 1 200 шақырым марафон-бәйгеге аттанады. Баспасөз өкілдері үшін «Керуен» сауда-ойын-сауық орталығы алдынан сағат 6:00-де транспорт ұйымдастырылады.

19:00-де Жастар театрында «Моцарт» мюзиклі қойылады.

19:00-де Астана қаласы филармониясының концерт залында Music of the autumn концерті өтеді.

19:30-да «Барыс-Арена» алаңында «Барыс» және «Сибирь» хоккей клубтары матч өткізеді.