АСТАНА
7:00-де елорда маңындағы Қаражар ауылынан еліміздің әр өңірінен жиналған 20 команда 1 200 шақырым марафон-бәйгеге аттанады. Баспасөз өкілдері үшін «Керуен» сауда-ойын-сауық орталығы алдынан сағат 6:00-де транспорт ұйымдастырылады.
19:00-де Жастар театрында «Моцарт» мюзиклі қойылады.
19:00-де Астана қаласы филармониясының концерт залында Music of the autumn концерті өтеді.
19:30-да «Барыс-Арена» алаңында «Барыс» және «Сибирь» хоккей клубтары матч өткізеді.