18 мамырда найзағай жарқылдап, жауын жауады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазгидромет мамандары 18 мамыр, сенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды. 

Фото: Pixabay

Оңтүстік циклоны және онымен байланысқан атмосфералық фронттар әлі де ел аумағына өз әсерін сақтайды.

Салдарынан найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады.

Батыста, солтүстік-батыста, орталықта, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр, бұршақ жауады, дауыл тұрады. 

Республика бойынша жел күшейеді, еліміздің солтүстік-батысында солтүстігінде, шығысында және орталығында түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі.

Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында, Абай, Қостанай облыстарының оңтүстігінде, Атырау облысының солтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады, Жетісу облысының солтүстігінде жоғары өрт қаупі бар. 

Түркістан облысының шөлді аудандарында, Абай облысының Үржар ауданында, Жетісу облысының шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.