18 мамыр күні республиканың бірқатар аймақтарында жауын-шашын болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 18 мамыр күні республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай, тұман болады, желдің күшеюі сақталады, оңтүстікте бұршақ болуы мүмкін, тек Қазақстанның солтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз сақталады. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК хабарлады.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұршақ болуы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде бұршақ болуы мүмкін, түнде 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, күндіз желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Қарағанды, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.