18 маусым. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 18 маусым күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР
54 жыл бұрын (1971) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Бекбол Тілеумұратұлы ОРЫНБАСАРОВ дүниеге келді.
Маңғыстау облысында туған. 1993 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінде, 1998 жылы Ш.Есенов атындағы Ақтау университетінде, 2011 жылы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде білім алған.
Еңбек жолы: 1993-1996 жылдары Маңғыстау облысының кеден басқармасының «Баутино» кеден постының инспекторы, 1996-1998 жылдары банк, салық, қаржы секторында түрлі қызметтерді атқарған. 1999-2005 жылдары Ақтау қаласы әкімдігінің мүлікті басқару бөлімінің бас маманы, 2005 жылы Ақтау қаласы әкімдігінде әртүрлі қызмет атқарған. 2005 жылы Ақтау қаласы әкімінің орынбасары, 2006-2019 жылдары Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Ішкі әкімшілік департаменті бухгалтерлік есеп және адам ресурстары, ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы, 2019-2021 жылдары «Ақтау теңіз порты арнайы экономикалық аймағы» АҚ басқарма төрағасы, 2021-2022 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, 2022-2023 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымын атқарды.
Қазіргі қызметінде – 2023 жылдың қаңтарынан.
50 жыл бұрын (1975) Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Саят Сайлаубекұлы БИМАҒАМБЕТОВ дүниеге келді.
1997 жылы Ақмола аграрлық университетін бітірген.
Еңбек жолы: 1997-1999 жылдары коммерциялық құрылымдарда менеджер, директор болды. 2001-2002 жылдары ҚР МКМ Акцизделінетін өнімдердің өндірісін және айналымын бақылау комитетінің Орталық аумақтық басқармасының бақылау бөлімінің бас маманы, 2002-2003 жылдары Астана қаласы бойынша Салық комитетінің акциздерді өндіріп алу әкімшілендіру бойынша басқармасының этил спиртінен және алкогольдік өнімдерінің өндірісінен және айналымынан акциздерді өндіріп алу әкімшілендіру бөлімінің бас маманы, 2003 жылы Астана қаласы бойынша Салық комитетінің акциздер бөлімінің бас маманы, 2003-2005 жылдары Астана қаласы бойынша Салық комитетінің акцизделінетін өнімдердің өндірісін және айналымын бақылау және акциздер әкімшілендіру бөлімінің бас маманы, 2005-2008 жылдары Сарыарқа ауданы бойынша Салық комитетінің акциздер бөлімінің бастығы, 2008-2012 жылдары Астана қаласы бойынша Салық департаментінің Сарыарқа ауданы бойынша Салық басқармасы Акциздерді әкімшілендіру бөлімінің бастығы болып қызмет атқарған. 2012-2013 жылдары Астана қаласы бойынша Салық департаменті Акцизделінетін өнімдерді әкімшілендіру басқармасының бастығы, 2013-2014 жылдары Астана қаласы бойынша Салық департаменті Акцизделінетін өнімді әкімшілендіру басқармасының басшысы, 2014-2015 жылдары Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының басшысы, 2015-2019 жылдары Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті "Астана – Жаңа қала" Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы лауазымын атқарған.
Қазіргі қызметін 2019 жылдың шілде айынан бері атқарып келеді.
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтой медалімен марапатталған. Қаржы қызметінің үздігі.
38 жыл бұрын (1987) Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндеі агенттігінің төрағасы Әсет Арманұлы ИРҒАЛИЕВ дүниеге келді.
Қостанай қаласында туған. 2008 жылы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын, 2008 жылы Халықаралық бизнес мектебін (Швеция), 2009 жылы Йорк университетін, 2010 жылы Ноттингем университетін бітірді.
Еңбек жолы: 2010-2011 жылдары Лондондағы Еуропалық қайта құру және даму банкінің Шығыс Еуропа және Кавказ экономикалық департаментіне арналған аймақтық экономикалық саясат талдаушысы, 2011-2012 жылдары Лондондағы Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі Экономика департаментінің аға сарапшысы, 2011 жылы Лондондағы Еуропалық қайта құру және даму банкі Экономика департаментінің аймақтық банк экономисі, 2013-2016 жылдары «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ директоры, вице-президентіғ Басқарма төрағасынығ орынбасары, Басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметінде болды. 2016 жылы «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Басқармасының төрағасы, 2016 жылы «Бәйтерек ҰБХ» АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі, 2016-2018 жылдары ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі, 2018 жылы ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Жобасын басқару орталығының бастығы, 2018-2019 жылдары ҚР Ұлттық экономика вице-министрі, 2019 жылы ҚР Премьер-министрі кеңсесі басшысының орынбасары лауазымында болды. 2020 жылдан бері ҚР Президенті жанындағы экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның мүшесі. 2019-2021 жылдары ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі, 2021-2022 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрі, 2022-2023 жылдары ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы, 2023-2024 жылдары ҚР Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі қызметін атқарды. 2024-2025 жылдары Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымы және халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі болды.
Қазіргі лауазымында – 2025 жылдың ақпан айынан бастап.
104 жыл бұрын (1921-2001) Қазақстанның ғылымына еңбек сіңірген қайраткер, филология ғылымдарының докторы, профессор Ғұбайдолла АЙДАРОВ дүниеге келді.
Қазіргі Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Сайын Шапағатов ауылының маңындағы Емір-Торты жерінде туған. 30-жылдардағы түбекті жайлаған жұт пен ашаршылық кезінде отбасымен Жаңғақтың ойына, Шағадам шаһарына қоныс аударған. Кейіннен Бесқаланың бірі Ташауыз қаласына келген бетте Н.Айтақовтың тікелей нұсқауымен балалар үйіне қабылданып, білім алады.
1934-1935 жылдары Түрікмен КСР-інің Ташауыз қаласы педагогикалық училищесінің дайындық бөлімінде білім алады. 1935-1937 жылдары Красноводск қаласындағы Бауман атындағы техникумында оқыды. 1937-1938 жылдары Мары қаласындағы педагогикалық училищеде оқыды. Еңбек жолын ауылдағы жетіжылдық мектепте мұғалім ретінде бастайды. 1940 жылы әскер қатарына алынып, 1944 жылға дейін Ұлы отан соғысына қатысты. Соғыстан кейін барлық қажыр-қайратын білім беру саласына арнады. Қатардағы мұғалімдіктен директорлық қызметке дейін көтеріледі.
1948 жылы Шымкент оқытушылар институтын, 1952 жылы ҚазПИ-ді (қазіргі ҚазҰПУ) бітіреді. Институттың аспирантурасында оқып жүргенде көне түркі жазуларына ден қояды. 1959 жылдан Қазақстан Ғылымдар Академиясының Тіл білімі институтында кіші, аға ғылыми қызметкері болады.
Ғалым 250-ден астам ғылыми еңбек, оның ішінде 10 монография мен жоғары оқу орындарына арналған оқулықтың авторы. Ғылыми еңбектері негізінен түркі жазба ескерткіштерін зерттеуге арналған, ғылыми еңбектерінде көне түркі ескерткіштерінің мәтіндерін қазіргі графика бойынша транскрипциялап, олардың тілін лингвист тұрғыдан жан-жақты талдаған, ескерткіштер тілінің қазіргі қазақ тіліне жақындығын зерттеп, дәлелдеген.