Өткен 17 маусымдағы түнде республиканың бірде-бір метеостансасы жауын жауғанын тіркеген жоқ. Алдағы үш тәуліктің ішінде де ауа райында елеулі өзгеріс болмайды деп күтілуде, ауаның температурасы климаттық нормадан 2-7º жоғары болмақ.
Республиканың солтүстігі мен шығысында ғана атмосфералық ағындардың өтуімен кейбір жерлерде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жаууы мүмкін, деп хабарлады Қазгидромет.