18 наурызға арналған ауа райы болжамы

Фото: Фото: Pyxabay.com

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК 18 наурызға арналған синоптикалық жағдай мен Қазақстан аумағындағы ауа райының қауіпті құбылыстарына қатысты болжаммен бөлісті.  

Болжам бойынша, Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

«ҚР басым бөлігінде жоғары атмосфералық қысым өрісінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек еліміздің батысында, оңтүстігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің жүруіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, атап айтқанда, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады деп болжанады. Қазақстан бойынша тұман, желдің күшеюі сынды ортақ табиғи құбылыс байқалады, ал батыс өңірде көктайғақ, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады деп күтіледі» — деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.