18 наурызда Қазақстанның барлық аймақтарында жауын-шашын жауып, тұман түседі, көктайғақ болады, бұрқасындатып, жел күшейеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның барлық аймақтарында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты, құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде жауын-шашын жауып, тұман түседі, көктайғақ болады, бұрқасындатып, жел күшейеді, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с-қа жетеді. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұманды, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді, желдің күші 15-20, кей жерлерде 25 м/с-қа жетеді.

Шығыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жел 15-22 м/с-қа дейін күшейеді. Қостанай, Маңғыстау облыстарында желдетіп, жаяу бұрқасын көтеріледі.

Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болып, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20, ұйтқуы 23 м/с-қа жетеді, түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Атырау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, түнде кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді, күндіз облыстың басым бөлігінде желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.