18 сәуір күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
10.30-да ҚР Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің отырысы өтеді, онда «Әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау мәселелері» тақырыбындағы депутаттық сауалға жауап талқыланады.
11.00-де Астана қаласы Коммуникациялар қызметінде «Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының қызметі туралы» онлайн брифинг өтеді. Спикер: Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы» КММ директоры Бақтияр Айтпаев. Онлайн баспасөз конференциясы «Астана қаласы коммуникациялар қызметінің» Facеbook-тегі facebook.com/rsk.astana01 және Instagram-дағы instagram.com/rsk.astana ресми парақшаларында тікелей эфирде өтеді.
15.00-де Астана қаласының Статистика департаментінде инфляцияны есептеуде қолданылатын деректерді жинауға арналған жаңа әдістер таныстырылымы өтеді.
16.00-де ҚР Ұлттық музейінде Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығы аясында «Бейбарыс сұлтан: Мәмлүк мемлекетінің жандануы мен өркендеуінің бастауы» атты фото және архив құжаттарының көрмесі өтеді. Көрменің ұйымдастырушысы – ҚР Ұлттық музейі және ҚР Ұлттық архиві.
16.00-де Астана қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтеді
18.00-де Жастар театрында «Көзіме бір көрінсең бала ғашық» сахналық повесі қойылады.
19.00-де Astana Opera театрында «Қыз Жібек» операсы көрсетіледі.