15.00-де Astana IT University-де («ЭКСПО» бизнес орталығы) ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасының «Тұңғыш» атты көшпелі экскурсиялық жобасының басталуына арналған шара өтеді. Іс-шара Қазақстанда президенттік институттың құрылған күніне (1990 жылдың 24 сәуірі) орайластырылған.
16.00-де Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтеді. Өтетін орны - Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты.