Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.
Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады, жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Алматы облысында, түнде және таңертең Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, желдің күші 15-20 м/с-ға жетеді. Түнде Ақмола облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с, кей жерлерде 23 м/с болады.
Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай болады, түнде кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20, күндіз көптеген бөліктерде екпіні 15-20 м/с болады.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20, кей жерлерде екпіні 23 м/с-ға дейін күшейеді.