ЕСІМДЕР
Алматы облысының тумасы. Алматы музыка колледжін, Алматы консерваториясын (Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы), Н.Римский-Корсаков атындағы Санкт-Петербург консерваториясын бітірген.
1964-1975 жылдары қазақ ұлттық аспаптық оркестрінің әртісі болып жұмыс істеді. Ұзақ жылдар бойы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының дирижері болды.
Алматы қаласында туған. Алматы театр және кино институтын бітірген.
Кинодағы ең алғашқы рөлі – «Өз дәніңді өсір» фильміндегі Қалам. Кейін «Мазасыз балалардағы» әкім, «Ойлануға бір айдағы» Арыстан, «Қаралы сұлудағы» қызметші, «Айсұлу жайлы аңыздағы» Тәуекел хан, 4 сериялы «Шоқан Уәлиханов» телефильміндегі Шоқан, қазақтың тұңғыш көпсериялы «Тоғысқан тағдырлар» телефильміндегі Темір Сабыровтың рөлдерін сомдаған.
Шымкент қаласында туған. 1992 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолы: Өз мамандағы бойынша еңбек жолын 1992 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Алғабас, Бөген аудандары прокуратурасының тәлімгері, одан кейін, Ордабасы ауданы прокурорының көмекшісі қызметтерінен бастаған. 1995 жылдың қаңтар айынан 1996 жылдың желтоқсан айы аралығында Ордабасы аудандық прокуратурасының тергеушісі, онан соң Қазақстан Республикасы Тергеу Комитетінің Оңтустік Қазақстан облысы, Ордабасы аудандык бөлімшесінің тергеушісі болып қызмет атқарған. 1996 жылдың маусым айымен 1999 жылдың маусым айы аралығында Оңтустік Қазақстан облыстық сотының бас маман – кеңесшісі болып қызмет еткен. Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылдың 09 маусымындағы №152 санды Жарлығымен Б.А.Бекжанов Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ аудандық сотының судьясы болып тағайындалған. Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің 1999 жылғы 09 қыркүйектегі №495 санды бұйрығымен Шымкент калалық сотының судьясы қызметіне ауыстырылған. 1999 жылдың 9 қыркүйектегі Оңтүстік Қазақстан Әділет басқармасы бастығының №169 - К§3 бұйрығымен Шымкент қаласы Абай сот учаскесінің судьясы болып бөлінген. Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 11 қыркүйектегі №680 санды Жарлығымен Б.А.Бекжанов Шымкент каласы №2 сотынык судьясы болып есептелінген. Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 05 қарашадағы №1224 санды Жарлығымен Б.А. Бекжанов Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қалалық сотының төрағасы болып тағайындалған. 01.09.2005 жылдың 01 қыркүйегіндегі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы сот әкімшілігі жөніндегі Комитет төрағасының бұйрығымен Б.А.Бекжанов Оңтүстік Қазақстан облысы соттар әкімшісі болып тағайындалған.
2007 жылдың 02 қыркүйегінен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.
Сот төрелігін жүзеге асырудағы жоғарғы көрсеткіштері үшін 2004 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне орай Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасының құрмет грамотасымен марапатталған. Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 28 тамыздағы жарлығымен Конституцияның 10 жылдығына орай «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» медалімен марапатталған.
2021 жылдың қаңтарынан бастап қазіргі қызметінде.
Павлодар қаласында туған. 1987-1992 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің тарих факультетінде Саяси-әлеуметтік пәндер оқытушысы мамандығы бойынша білім алған. Тарих ғылымдарының кандидаты.
1992-1994 жылдары Павлодар қаласындағы Қазақ-Герман техникалық бизнес колледжінде тарих пәнінің мұғалімі, 1995-2003 жылдары С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің мұғалімі, 2000-2003 жылдары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің мұғалімі, 2003-2008 Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде бас сарапшы, бөлім меңгерушісі, әлеуметтік-саяси бөлімі басшысының орынбасары, 2008-2010 Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 2010-2012 жылдары Павлодар облысы әкімінің орынбасары, 2012-2015 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жауапты хатшысы болып қызмет етті. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (2015-2016). «Нұр Отан» партиясы Төрағасы Бірінші орынбасарының кеңесшісі (02.2016 - 11.2016). ҚР Қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы (2016-2019). 2019-2020 жылдары – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы.
2020 жылдан бастап қазіргі қызметінде.
Марапаттары: «Құрмет» ордені, «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі, «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерейтойлық медалі.
1995 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын тәмамдаған.
Еңбек жолын 1994 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде концертмейстер қызметінен бастаған. 1996 жылы – К. Байсейітова атындағы Республикалық колледжде концертмейстор. 1997 жылы – «Хабар» АҚ жаңалықтар бағдарламасының жүргізушісі. 2002 жылы «Хабар» АҚ продюсері қызметінен кетті. 2002 жылы «Қазақстан» РТРК» АҚ-да қызметін бастады. 2002 -2013 жылдар аралығында – «Хабар» АҚ-да редактор, жаңалықтар және өзге де бағдарламалардың жүргізушісі, продюсер. 2013 жылы – «TV Fresh» ЖШС редакторы 2015 жылы – «Қазақстан» РТРК» АҚ жүргізушісі.
2019 жылы ҚР Президентінің жарлығымен VI шақырылымдағы ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды.
2020 жылы Құрмет орденімен марапатталды. Медиа саласында ведомстволық және өзге де марапаттары бар.
46 жыл бұрын (1976) «Ел» продюсерлік орталығының бас директоры Айгүл Еділқызы БЕЙСЕНБАЕВА дүниеге келген.
Жамбыл облысында туған. Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін шығыстану мамандығы бойынша бітірген.
Бірқатар музыкалық және этнографиялық жобалардың авторы, «Қызыл Алма» халықаралық сыйлығының иегері.
35 жыл бұрын (1987) Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы Асат Болатұлы НҰРПЕЙІСОВ дүниеге келді.
2010 жылы Прагадағы Нью-Йорк университетін «экономика және менеджмент» мамандығы бойынша, 2012 жылы Еуропалық бизнес мектебін бітірген, MSc Global Banking and Finance «Халықаралық банк ісі және қаржы» магистрі.
Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.
2012-2015 жылдары KPMG Tax and Advisory менеджмент консалтингінде жұмыс істеген. 2015-2016 жылдары – Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаментінің басқарма басшысы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кеңесшісі. 2016-2017 жылдары – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Корпоративтік қаржы департаментінің директоры. 2018-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Жобалық басқару орталығының бас инспекторы, меңгерушінің орынбасары, меңгерушінің міндетін атқарушы. 2019-2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасы аппаратының басшысы.
2022 жылғы 16 ақпаннан бастап Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.